“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Дарын

[Дата публикации: 19.05.2020, 16:01:20, жариялауды: Әкімшілік]

  Өтінімдер 29 жасқа дейінгі, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады.

Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жібереді:
1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу өтінімі (ұйымның басшысы қол қояды);
3) қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама (ұйымның басшысы қол қояды);
4) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмесі (болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақаланың, жарияланымдардың көшірмесі (болған жағдайда);
6) кандидаттың жетістіктерін растайтын өзге де материалдар (болған жағдайда). Уәкiлеттi орган сыйлық алуға ізденуші бойынша келіп түскен құжаттарды қабылдап, бір күн мерзімде тіркейді және Комиссияның қарауына ұсынады.

Құжаттар premiya.daryn2019@gmail.com эл. пошта арқылы 2020 жылғы 10 тамызға дейін қабылдыныды.

#Daryn #Дарын #ПремияДарын



Просмотров: 858
19.05.2020, 16:01:20, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар