“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ «МЕТАЛЛУРГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ.

[Дата публикации: 30.04.2020, 11:10:14, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде алғаш рет қашықтық форматында «Металлургия» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Жарысқа металлургия саласында білім алатын Қазақстанның 8 жоғары оқу орнынан 11 команда (42 қатысушы) қатысты. Олимпиаданың ашықтығын қамтамасыз ету үшін олимпиадаға қатысушы жоғары оқу орындарының өкілдері мен «Саналы Ұрпак» ҚМИУ студенттік клубынан 42 байқаушы шақырылды. Олимпиада ойындары да YouTube арнасында көрсетілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеке жарыста:

1 орын – Юрий Иванович Шадрин, Еуразия Инновациялық университеті

2 орын – Айжан Тасболатқызы Шикаева, С.Торайғыров атын. Павлодар мемлекеттік университеті

– Есентай Ұлан Серікболұлы, Қарағанды мемлекеттік индустриялық  университеті

3 орын – Кəмила Болатқызы Еңсебаева, Д.Серікбаев атын. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

– Болатов Рүстем Асқарұлы, Д.Серікбаев атын. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

– Адайбаева Рысгүл Алмасқызы, Қ.Жұбанов атын. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Командалық біліктілікте орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Д.Серікбаев атын. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Алписов Ә. Э., Болатов Р.А., Енсебаева К. Б., Сүлейменова А.А.)

2 орын Қ.Жұбанов  атын. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Адайбаева Р.А., Давлетова А.Е., Әлебаде Ж.М., Мұқанова А.А.)

3 орын – С.Торайғыров атын. Павлодар мемлекеттік университеті (Асылова А.Ж., Дударев Р.И., Кусаинов А.С., Шикаева А.Т.)

Олимпиаданың ұйымдастырушысы ретінде ҚМИУ командасы жарыстан тыс болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! ЖОО ректорларына, топ жетекшілеріне, байқаушыларға және олимпиада қатысушыларына алғыс білдіреміз.


Просмотров: 747
30.04.2020, 11:10:14, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар