ҚИУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
[Дата публикации: 20.02.2020, 16:17:59, жариялауды: Әкімшілік]
2020 жылғы 19 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінде «Адалдық мектебі» іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы дәріс өтті.
Дәріс мақсаты: студенттерге дәстүрлі білім берудің рөлі туралы ақпараттық білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы айтылды.
Дәріс «Металлургия», «Машинажасау», «Құрылыс», «Металды қысыммен өңдеу технологиясы», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша бірінші және екінші курс студенттеріне арналды.
Дәріскер «ҚТ,ӘГПжДТ» кафедрасының аға оқытушысы Магира Солтанқызы Солтан, дәріс тыңдаушыларына отбасының жасөспірімдер мен жастарды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетінің негізі отбасында қалыптасуы керек.
Дәріс барысында студенттер қойған сұрақтар олардың талқыланатын тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Мұндай іс-шараларды өткізу сөзсіз үлкен тәрбиелік әсерге ие және студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухта тәрбиелеу – университетіміздің басты бағыты. Адам жастайынан бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, басқаларға және дәстүрлерге құрметпен қарауды, білім мен жұмысқа деген құштарлықты, әдептілік пен адалдықты қалыптастыру керек. Осының негізінде тәрбие мен білім беру процесі жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады, мұнда басты рөл сөзсіз отбасы мен білім беру ұйымына жүктеледі. Өйткені, әр ата-ана, әрбір оқытушы жастарға лайықты үлгі болып, оларға шынайы құндылықтарды таңдауға көмектесуі керек.
ҚИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 844