«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС» АТТЫ ҚИУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
[Дата публикации: 11.02.2020, 15:19:37, жариялауды: Әкімшілік]
«Жастардың міндеті – жемқорлыққа қарсы күрес»
Курт Кобейн
Бүгін, 11 ақпан күні Қарағанды
индустриялық университетінің екінші курс студенттеріне «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Адалдық мектебінің жұмыс жоспары аясында «ҚТ,ӘГПжДТ» кафедрасының аға оқытушысы Владимир Геннадьевич Черкашин дәріс оқыды.
Іс-шара мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі формалары, оның әлеуметтік құбылыс ретінде көрінісіне жалпы түсінік беру; оның өмірдің түрлі салаларында көріну ерекшеліктері, себептері, осы құбылыстың зиянды әсерлері; белгілі бір әлеуметтік құбылысты талдау және жеке бағалау дағдыларын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық жағдайындағы мінез-құлықты құқықтық, моральдық және этикалық нормаларға сәйкес қамтамасыз ететін білім кешенін қалыптастыру; студенттер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты ынталандыру.
Іс-шара барысында лектор тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлықтың тарихы, орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуіріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шенеуніктердің жазалары, сондай-ақ қазіргі заманғы тарих сахнасындағы осы қылмысқа қарсы күрес әдістері туралы айтып берді. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарына ерекше назар аударылды. Негізгі себептер экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы себептер анықталды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани салаларында пайда болатын жағымсыз жақтары да атап өтілді.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің ортақ міндетіміз екендігі айтылды. Мемлекеттік және қоғамдық органдардың бірлескен күшімен ғана кез-келген маңызды нәтижеге қол жеткізуге болады. Егер бүгінгі жастар жемқор шенеуніктердің қатарына қосылмаса, онда жемқорлықтың ізі қалмайды.
ҚИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 804