“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

САЛЫҚ КОДЕКСІ ЖӘНЕ САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН

[Дата публикации: 14.01.2020, 20:47:58, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың 14 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ экономикалық мамандық студенттерінің құқықтық салықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарапайым тілде салықтар: салықтар 2020» тақырыбында семинар өтті, онда 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының кодексі  бойынша салық саласындағы жаңалықтар түсіндірілді.

Іс-шараның спикері, Республикалық Кәсіпкерлікті қолдау орталығының негізін қалаушы және директоры, кәсіпкерлер мен бухгалтерлер Қауымдастығының президенті Дмитрий Казанцев.

Семинар барысында ҚҚС негізгі өзгерістер қарастырылды; ЭШФ бойынша өзгерістер, виртуалды қоймадағы өзгерістер; жарнамабойынша  жаңа салық; кассалық аппаратпен және кассалық тәртiппен байланысты барлық айыппұлдар; статистикалық есеп беру және басқалар.

Семинар көптеген кәсіпкерлер мен бухгалтерлерді, экономикалық пәндердің оқытушылары мен студенттерін жинады, олардың кейбіреулері нақты сұрақтар қойды, ал басқалары «білім ешқашан көп болмайды» қағидасымен келді.

Іс-шараны қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің күрделі іс қағаздар тілі бірнеше рет біздің кәсіпкерлерге айыппұл салуға себепші болғанын атап өту қажет. Дмитрий Казанцев «Қарапайым тілмен салықтар туралы» тегін семинарларымен бизнестегі салыққа қатысты жаңалықтарды түсінуге көмектеседі.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 758
14.01.2020, 20:47:58, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар