“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

[Дата публикации: 11.12.2019, 19:42:30, жариялауды: Әкімшілік]

 

11 желтоқсанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Салтанатты жиналыстың құрметті қонақтары – Қазақ инфокоммуникациялар академиясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық әулиелер академиясының академигі – Шахмаран Жүрсінбекұлы Сеилов, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері – Ғабидолла Зұлғашұлы Сарекенов, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің, сонымен қатар  «ҚМИУ сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгі иегері – Қуаныш Омашұлы Омашев, зауыттың ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті металлургі, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Еңбек Даңқы», «Астананың 10 жылдығына» арналған медаль және «ҚМИУ сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері – Тоқтархан Ыбрайұлы Ысқақов, зауыт ардагері, «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегері, «ҚМИУ сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері – Ермек Ыбрайұлы Төлебаев және , «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» ордендерінің иегері, «ҚМИУ алдындағы ерекше еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері – ВикторАлексеевич Никонов қатысты.

ҚМИУ ректоры Бахыт Ахатұлы Жәутіков құттықтау сөз сөйлеп, «… Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – барлық қазақстандықтар үшін өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімін біріктіретін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын басты мереке …» деп атап өтті.

Кездесу барысында ҚМИУ Ғылыми кеңесінің шешімімен біздің университетіміздің дамуына қосқан көп жылдық үлесі үшін Қазақ инфокоммуникациялар академиясының президенті Шахмаран Жүрсінбекұлы Сейіловке «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.

«Химиялық технология және экология» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Қазжанқызына Кабиева Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Жоғары білімнің дамуына және білікті мамандарды дайындауға қосқан үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынов» атындағы күміс  медалімен Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор Галина Александровна Сивякова, сонымен қатар «Ахмет Байтұрсынов» атындағы қола медалімен ҚМИУ кәсіподақ комитетінің төрайымы, «Жаратылысғылыми пәндер»  кафедрасының аға оқытушысы Айжан Рыскелдіқызы Карипбаева және «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Бауыржан Ануарханұлы Базаров марапатталды.

Одан әрі мерекелік жағдайда университет студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері ҚМИУ ректорының дипломдары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара соңында ҚМИУ ректоры тағы бір мәрте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында лайықты марапаттарға ие болған университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерін құттықтап, «… бүгін Қазақстан – бұл жетістіктері халықаралық қауымдастық мойындаған жас мемлекет. Ең бастысы, біздің еліміздің әлеуеті мен даму болашағы зор! Бірақ тұрақтылық, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім барлық қазақстандықтар үшін басты құндылық және байлық болып қала бермек! Біздің және жас ұрпақ алдында  тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды құру міндеті тұр! … » деп  атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шақырылған қонақтар мен ҚМИУ қызметкерлері үшін Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік артистері үлкен мерекелік бағдарлама ұсынды.

 

Тәуелсіздік күні – бұл ерекше мереке, ол әр азаматтың жүрегінде. Біздің Отанымыз, Қазақстан Республикасы өмір сүріп, гүлдене берсін!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.

 


Просмотров: 649
11.12.2019, 19:42:30, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар