“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

СУСИДИД – СТУДЕНТ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ

[Дата публикации: 12.12.2019, 16:38:59, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылғы 12 желтоқсанда жастар арасындағы дағдарысты және суицидке дейінгі жағдайларды, сондай-ақ мінез-құлқындағы өзгерістерді, суицидтік қауіп-қатер топтарын анықтау мақсатында студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында психолог Н.Бинатова студенттер арасындағы дағдарыс жағдайлары, студенттік қоғамдағы суицидтік мінез-құлық және өзін-өзі өлтірудің мүмкін түрлері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, маман өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісті, суицидтік мінез-құлықтың көрсеткіштері,  соған ықпал ететін жағдай қалыптасқан жағдайда жүзеге асырылатын қажетті іс-шаралар туралы және қайда бару керектігі туралы айтты.

Жастар ортасында суицидтің алдын алу қазіргі әлемнің өзекті және маңызды мәселесі болып табылады, өйткені статистикаға сәйкес соңғы жылдары жасөспірімдер арасында суицидтің саны айтарлықтай өсті.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, модератор: «Адам – өте мықты тіршілік иесі! Адам өзінің мүмкіндіктерінің арқасында өмірдің барлық қиындықтарын жеңе алады! Ең бастысы – әрдайым жол табуға тырысу және бұл үшін және одан да көп мүмкіндікті жасау! Сондай-ақ, әлемде қиын кездерде көмектесуге дайын адамдар әлі де бар … »

 

ҚМИУ  баспасөз қызметі


Просмотров: 561
12.12.2019, 16:38:59, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар