ТЕМІРТАУҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІНІҢ «ЖАСSTAR» СЫЙЛЫҒЫМЕН ЕҢ ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
[Дата публикации: 26.12.2019, 16:04:46, жариялауды: Әкімшілік]
25 желтоқсанда «Жастар жылы» деп жарияланған 2019 жылдың қорытындысы шығарылып, қаламыздың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан жастарға Теміртау қаласының әкіміннің «Жасstar» сыйлығы салтанатты түрде тапсырылды.
2019 жылы «Жастар» байқауына қатысуға 30 азамат өтінім берді, олардың ішінен комиссия үздік төрт үміткерді таңдады. «ЖасStar» сыйлығының жеңімпаздарының әрқайсысына 100 мың теңгеден сыйақы берілді.
Ғалым Әшімов іс-шараның барлық қатысушыларына Теміртау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттарды жеке тапсырды.
Теміртау қаласы әкімінің Алғыс хатымен «Жастар жылы» және қаланың қоғамдық-саяси өмірі аясында өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін ҚМИУ экономика мамандығының магистранты Татьяна Подгурская марапатталды.
Сондай-ақ, жастарды тұрақты түрде тәрбиелеуге белсенді қатысатын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне бағалы сыйлық табысталды, өйткені жас ұрпақ – бұл біздің қоғамның болашағы және жастарға дұрыс адамгершілікті тәрбие беру тек мемлекеттік органдар үшін ғана емес, сонымен бірге біздің университет үшін де маңызды міндеттердің бірі саналады.
ҚМИУ баспасөз қызметі.
Просмотров: 839