“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ «АБАДАН» ДЕБАТТЫҚ КОМАНДАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

[Дата публикации: 10.12.2019, 09:36:28, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 7 желтоқсанында ҚМИУ «Абадан» пікірсайыс тобының студенттері облыстық «Болашақ жастары» пікірсайыс турниріне қатысып, тағы бір жарқын жеңіске жетті!

Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының мықты дебаткерлері байқауда өздерінің шешендік өнерлерін көрсетті.

Біздің команданың құрамы:

  • Жұмәлі Нұрикамал – МЖ-18қ тобы
  • Әбдірах Назерке – ФӨТ-19қ тобы
  • Бедеров Алихан – МҚӨТ-17қ тобы
  • Рахымжан Өміржол – М-16қ тобы

Тәжиков Қонысбек – Қ-17қ тобы

  • Абай Қаракыз – ФӨТ-19қ тобы.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан мына командалар көрінді:

1 орын – ҚМИУ;

2 орын – ІІМ ҚЖМ;

3 орын – ҚарМУ.

Турнирдің «Үздік фракция» номинациясында ҚМИУ Қ-17қ тобының студенті-дебатшысы – Тәжиков Қонысбектің «Жастар жылының нүктесі» фракциясы жеңіске жетті. Бұдан басқа, біздің «220  Volt» фракциямыз ФӨТ-19к тобының  студенті Әбдіраха Назерке жетекшілігімен пікірсайыс турниріне қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл осы айдағы біздің дебатерлердің ТӨРТІНШІ жеңісі!

Біздің студенттер атап өткендей, пікірсайыс өте жоғары деңгейде өтті.

Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.


Просмотров: 592
10.12.2019, 09:36:28, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар