ҚМИУ-де студенттердің Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен Саидикрамом Ниязходжаевпен кездесу өтті
[Дата публикации: 15.11.2019, 15:14:59, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 15 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Өзбекстан Республикасының студент – азаматтарының Қазақстандағы Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ниязходжаев Саидикрам Парахатовичпен және Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінің консулымен кездесуі өтті.
Кездесу таныстыру сипатында болды. Іс-шара барысында Ниязходжаев мырза Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті басшылығының өзбек тарапына көрсеткен сенімінің маңыздылығын атап өтіп, консулдық есепке алу және болу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгіме өткізді. Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып, студенттерді Өзбекстан Республикасының үлгілі азаматы болуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға, сыпайы, жауапты болуға шақырды, өйткені студенттердің басты міндеті-бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының – бұл біздің университетте лайықты оқуды аяқтау, диплом алу және жоғары білікті маман болу екенін атап өтті.
Бұдан әрі елші мырза екі ел арасындағы мәдени алмасу аясында өткізілген іс-шаралар туралы айтып, Өзбекстан Республикасының Парламентіне алдағы сайлауға назар аударуын, біздің университетте оқитын, Өзбекстанның азаматтары болып табылатын студенттер болашақ сайлауда өз дауыстарын бере алатынын айтты. Әңгіме соңында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мәдени өзара алмасуға бағытталған алдағы іс-шаралар туралы ақпарат беріп, екі ел мүдделерінің ортақтығын атап, Қазақстан мен Өзбекстан Достық елдер болып табылатынын және кез келген туындаған мәселелер бойынша Өзбекстан азаматтары Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінің телефондары бойынша толық ақпарат ала алатынын айтып, іс-шара қатысушыларына өздерінің координаттарын айтты.
Екінші курс студенті Ташполатов Акрамхан ҚМИУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан және Қазақстан жоғары оқу орындары арасында студенттермен алмасуды ұсынды, Ниязходжаев мырза бұл өте жақсы идея екенін және бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі деп жауап берді. Бұл мәселе Өзбекстан мен Қазақстан елшіліктерінің деңгейінде пысықталып жатыр, бүгінгі таңда қойылған барлық мәселелер бойынша жұмыс жүргізулуде және қазақстандық жоғары оқу орындарында студенттердің сапалы білім алу бойынша ынтымақтастық жалғастырылатын болады.
ҚМИУ баспасөз қызметі.
Просмотров: 552