“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды индустриялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы «ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбындағы семинарға қатысты

[Дата публикации: 11.11.2019, 09:58:26, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚИУ-дың «Парасаттылық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сай 2019 жылдың 8 қарашасында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мүшелері «ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Бұл шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ұғымы мен механизмдерін ашу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бойынша заңнамалық базасын түсіндіру және оқу орнында орын алуы мүмкін тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу шараларымен таныстыру.

Семинар жұмысы барысында  қатысушылар назарына келесідей сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық сипатта презентациялық материалдар берілді:

1) Қарағанды индустриялық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың негізгі формалары мен әдістері

2) Қарағанды  индустриялық университетінің басқару және академиялық мәселелер менеджменті бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оған қарсы шаралар»

3) «JAS OTAN» ЖҚ жүргізген анонимді сауалнама нәтижелері бойынша ақпарат

Семинарды  университеттің «Парасаттылық мектебінің» деканы Капашева Жания Кудайбергеновна және университеттің заңгер-кеңесшісі Шалбарбаев Олжас Мукажанович ұйымдастырды.

Капашева Ж.К.   Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, “Nur Оtаn” партиясының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының, Қарағанды облысының 2019 жылға арналған тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының негізгі бағыттары мен іс-шаралар кешеніне тоқталып, университет көлемінде жүргізілетін  мониторингтерге және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен нығайту мақсатында жүргізіліп отырған шараларға тоқталды.

Қорыта айтқанда, ҚИУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиялық саясатының нәтижесі   өскелең ұрпақтың болашақта табысты болуына, білім мен ғылым жолында жоғары жетістіктерге жетуімен сипатталуы тиіс.

ҚИУ-дың баспасөз қызметі


Просмотров: 881
11.11.2019, 09:58:26, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар