“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

XII ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ АТАЛДЫ

[Дата публикации: 15.11.2019, 16:18:26, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылы 15 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде XII Президенттік олимпиаданың жабылу салтанаты өтті және жеңімпаздардың есімдері аталды.

Олимпиада 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша өткізіледі.

Оның басты идеясыдарынды балаларды анықтау және қолдау, патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту болып табылады.

Дәстүрлі Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында өткізіледі.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша еліміздің барлық аймақтарынан 399 мектеп түлегі on-line режимінде өткізілген олимпиаданың қашықтық кезеңіне қатысты. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне 173 оқушы кіру рұқсатын алып, 171 оқушы қатысты.

Олимпиаданың барлық турларының барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің сайтында kgiu.kz. және «Дарын» РҒПО аккаунттарында daryn.kz  он-лайн режимінде көрсетілді.

Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломдармен және алтын медальдармен – 12 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен – 15 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен – 20 қатысушы марапатталды.

Дәстүрлі түрде ең үздік нәтижелер Алматы қаласы түлектерінікі болды -19 қатысушының 13-і жүлдегер атанды (І – 3; ІІ – 6; ІІІ – 4). 

«НЗМ» ДББҰ-8 қатысушы, оның ішінде 7 жүлдегер (І – 3; ІІ – 2; ІІІ – 2)

Павлодар облысы-12 қатысушы оның ішінде 6 жүлдегер (І – 3; ІІ – 1; ІІІ – 2).

Алматы облысы-12 қатысушы, 3 жүлдегер (І – 1; ІІІ – 2).

Батыс Қазақстан облысы-6 қатысушы, 3 жүлдегер (І – 1; ІІІ – 2).

 Жамбыл облысы – 9 қатысушы, 3 жүлдегер (ІІ – 1; ІІІ – 2).

Солтүстік Қазақстан облысы – 8 қатысушы, 2 жүлдегер (ІІ – 1; ІІІ – 1).

Түркістан облысы – 8 қатысушы, 2 жүлдегер (ІІ – 2).

Нұр-Сұлтан қаласы-7 қатысушы, 2 жүлдегер (І – 1; ІІІ – 1).

Ең көп балл жинаған 5 түлек  болды:

  • №90 ФМЛ Алматы қ.-  Черванева Кристина;
  • Тараз қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – Қалмаханбет Алихан;
  • Алматы облысының дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 мамандандырылған лицейі – Ыбырай Ескендір;
  • Орал қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – Ким Максим;
  • Орал қ. дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты – Мырзабайұлы Иманғали.

Президенттік олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамына жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, білім басқармасының органдарының, ҚР жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің өкілдері кіреді. Қазылар алқасы отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздарынан тұрады.

Президенттік олимпиадаға қатысу қазақстандық мектептердің болашақ түлектеріне өзін-өзі көрсетуге, өз қабілеттерін көрсетуге, білімдерін тереңдетуге, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республиканың жоғары оқу орындарында білім беру грантын алуға басым құқығы бар.

 

Барлық қатысушылар мен жетекшілерді олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 649
15.11.2019, 16:18:26, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар