“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ИТАЛИЯМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

[Дата публикации: 20.11.2019, 15:26:03, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылы 15 – 20 қараша аралығында Италияның құрметті қонақтары, профессор Link Campus University, Қозыбаев атындағы СҚМУ интернационализациялау жөніндегі проректоры Alessandro Figus, Леонардо да Винчи орталығындағы итальян тілінің оқытушысы Ludovico De Serio Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне келді.

Сапардың мақсаты Италия университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сонымен қатар халықаралық бағдарламаларға, соның ішінде Эразмус + бағдарламасына бірлесіп қатысу мәселесін қарастыру болды.

15 қарашада қонақтар үшін ҚМИУ экскурсия өткізілді, оның барысында өндірістік алаңдар мен ерекше зертханалық жабдықтар көрсетілді. Қонақтар Cisco желілік академиясының аймақтық орталығында және «СОТСБИ» ақпараттық-коммуникациялық орталығында, 3D инженерлік фабрикасы мен «Festa» зертханасында, электронды микроскопия және нанотехнологиялар инженерлік зертханасында, сондай-ақ Металлургия оқу-зерттеу орталығында болды. «Металлургиялық процестер» пилоттық тәжірибелі-өндірістік алаңымен және домна пеші мен конвертер өндірісінің толық циклінің қолданыстағы үлгілерімен танысты.

«Эразмус +» халықаралық жобасы аясында 18-20 қараша аралығында профессор, PhD Alessandro Figus университетіміздің студенттеріне «Еуропалық Одақтың құқығы және ұйымы және халықаралық дипломатияға көзқарас» курсы бойынша бірқатар дәрістер оқыды.

19 қарашада профессор Alessandro Figus, оқытушы Ludovico De Serio бірге ҚМИУ факультеттерінің өкілдері үшін семинар өткізді, семинарда Халықаралық бағдарламалар мен Эразмус + бағдарламаларына бірлесіп қатысу мәселесін қарастырылды.

Кездесуді қорытындылай келе, қонақтар ризашылықтарын білдіріп, кездесу өте жемісті болғанын атап өтті. ҚМИУ университетінің өкілдері мен итальяндық қонақтар арасында ашық, қызықты сұхбат өтті. Әрине, бұл білім мен ғылымның одан әрі дамуына, жүйелік қатынастар мен өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға жаңа серпін береді.

Атап өту қажет, біздің университеттің тарихы өте бай және металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс, экономика, бизнес және IT-технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда мол тәжірибе жинақталған. Ғылым және білім беру саласындағы қызметінде халықаралық қатынастар орнату бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда және шетелдік білім беру бағдарламалары аясында да, болашақта әріптестерімен да ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтылады.

 

ҚМИУ баспас өз қызметі.


Просмотров: 482
20.11.2019, 15:26:03, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар