“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚШ ЖОО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУДЕ

[Дата публикации: 07.11.2019, 17:00:48, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылы 7 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Сintana Education (АҚШ) өкілдері: MENA PhD аймағының жетекшілері Wadiah Atiyah, Jeny Orlova және қазақстандық ЖОО өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Wadiah Atiyah университеттерді құру және басқару, академиялық мекемелерге арналған миссияларды стратегиялық көзқарас және жоспарлау, инновациялық академиялық бағдарламаларды құру және дамыту, сапаны қамтамасыз етуді басқару, аккредиттеудің өмірлік циклдарын қалыптастыру, жеке мемлекеттік әріптестіктерді құру және инвестицияларды басқару мәселелері бойынша АҚШ-та және шетелде кең жұмыс тәжірибесіне ие маман.

Кездесуге шетелдік қонақтармен қатар, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің өкілдері : Сейілов Шахмаран Жүрсінбекұлы – Қазақ Инфокоммуникация Академиясының президенті,  ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ: Нүсіпбеков Бекболат Рахишұлы – оқу ісі жөніндегі проректор және Елена Викторовна Минаева-халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы қатысты.

Аталған кездесудің мақсаты АҚШ жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін бірыңғай алаң құру, әлемдік стандарттарға сәйкес ғылыми және білім беру қызметінің сапасын арттыру болды.

Міндеттері:

– ғылым, инновациялық технологиялар саласында халықаралық бағдарламаларды бірлесіп әзірлеу және енгізу, әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйеге интеграциялау;

– АҚШ ЖОО-мен қос дипломды білім берудің инновациялық академиялық бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және жылжыту;

– ҚМИУ ПОҚ және білім алушыларының академиялық ұтқырлығы болды.

Кездесу барысында университет қонақтары үшін материалдық-техникалық базамен таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Делегация Cisco Желілік Академиясының аймақтық орталығына және «СОТСБИ» ақпараттық-коммуникациялық орталығына, 3D инжиниринг және Festa зертханасына, «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік бейіндегі зертханаға, сондай-ақ «Металлургия» оқу – ғылыми өндірістік орталығына болды, онда  қонақтар «Металлургиялық үдерістер» тәжірибелік-өнеркәсіптік алаңымен, домна және конвертерлік өндірістің толық циклінің қолданыстағы үлгілерімен таныса алды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанда білім беру жүйесін жетілдіру, жоғары оқу орындарының академиялық және іскерлік стратегияларын әзірлеу, екі дипломды білім беру аясында АҚШ ЖОО-мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін бірыңғай алаң құру мәселелері қаралды.

Халықаралық ынтымақтастық Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті қызметінің республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде ажырамас бөлігі және Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесіндегі біздің университеттің жағдайын арттыруға және әлемдік білім беру және ғылыми қоғамдастыққа одан әрі кірігуге бағытталған халықаралық стандарттарға сәйкес білім сапасын қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады.

Іс-шара соңында делегация мүшелері бұл кездесу отандық және шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа векторы болатыны туралы келісімге келді.

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.



Просмотров: 844
07.11.2019, 17:00:48, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар