“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КАТАЛОНИЯ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ MALCOLM CAMPBELL BURNS ҚМИУ-ДЕ БОЛДЫ

[Дата публикации: 15.10.2019, 15:34:25, жариялауды: redactor]

 

2019 жылдың 7-11 қазан аралығында біздің университетке «Erasmus+: халықаралық кредиттік ұтқырлық» бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде іскерлік өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық үшін барынша қолайлы жағдайларға қол жеткізу мақсатында Каталония политехникалық университетінен (Испания) Malcolm Campbell BURNS профессор жұмыс сапарымен келді.

Каталония политехникалық университеті-Испанияның таңдаулы университеттерінің бірі,әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің өзіндік қозғаушы күші. ЖОО әлемдегі ең танымал және беделді оқу орындарының 5% – ына кіреді.

Апта бойы ҚМИУ әкімшілігі  және оқытушылар құрамы профессор үшін түрлі тақырыптарға тренингтер өткізді. Қазақстан университеттерінің интернационализациясы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту перспективалары және т.б., профессор Қазақстан Республикасының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қазақ тілінің ерекшеліктерімен танысты. Ол университеттің ғылыми-техникалық базасын, сапа менеджменті жүйесін, білім беру процесін, жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейлі зерттеді.

Тренинг аптасының қорытындысы бойынша Erasmus+ бағдарламасына бірлесіп қатысу, Бірлескен ғылыми жұмыстарды жариялау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді, жобалық жұмыстар мен мемлекеттік бюджеттік тақырыптар бойынша бірлескен жұмыстар жоспарлануда.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 784
15.10.2019, 15:34:25, redactor Тараулар: Жаңалықтар