“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

QS WORLDWIDE-2019 Дүниежүзілік форумы мен ЖОО көрмесі

[Дата публикации: 19.09.2019, 10:24:23, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

19-20 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде QS WORLDWIDE-2019 жоғары оқу орындарының Дүниежүзілік форумы мен көрмесі өтті. Халықаралық ауқымдағы іс-шараларды өткізудің мақсаты мен міндеттері “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

“QS WORLDWIDE ” – британдық”QS” рейтинг агенттігі өткізетін беделді халықаралық шаралардың бірі. Форум тәжірибе алмасудың және жоғары білім беруді дамыту және әлемдік деңгейдегі университеттерді қалыптастыру, интернационалдандыру және білім беру сапасын арттыру перспективаларын талқылаудың жаһандық алаңы болып табылады.

“QS” консалтингтік компаниясының негізін қалаушы Нунцио Квакварелли 2018 жылы Мәскеу қаласында өткен “QS WORLDWIDE” халықаралық конференциясында Қазақстан білім берудің мықты жүйелері бар елдер рейтингінде 37-ші орынға ие екенін, ал университеттер халықаралық рейтингтерде алға жылжудың жақсы динамикасын көрсететінін атап өтті.

Үшінші дүниежүзілік форумның тақырыбы – “Жаһандық шыңдарға жол: адами мұра мен озық технологиялардың үйлесімі”болды.

Аталған іс-шараға академиялық топтардың 800 – ден астам көшбасшылары-университеттердің ректорлары, 50-ден астам елдің ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Олардың ішінде: БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, Microsoft, BBC, Elsevier, Springer Nature, YODAK, AKSON; QS “World University Rankings” халықаралық рейтингінің топ-800 кіретін университеттердің басшылары; SUN, USRN, IREG Observatory ұйымдары мен университеттерін ранжирлеу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың мүшелері, ENAEE инженерлік білім саласындағы аккредиттеу бойынша Еуропалық желінің сарапшылары.

Халықаралық конференция бағдарламасы өте мазмұнды болды – пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар, іскерлік кездесулер және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою өтті. Осы кездесулер барысында білім, ғылым, озық технологиялар мен рухани құндылықтарды ықпалдастыру шеңберінде университеттердің болашақ дамуының жаңа моделін әзірлеу және талқылау болды.

Осындай ауқымды іс-шараны өткізу Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұдан басқа, жақсы серпін береді және отандық жоғары білім берудің сапалы жаңа жоғары деңгейіне ілгерілеуге мүмкіндік береді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 796
19.09.2019, 10:24:23, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар