“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Бірінші курс студенттері үшін бейімделу аптасы.

[Дата публикации: 04.09.2019, 15:29:30, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Кез-келген жоғары оқу орнының маңызды міндеттерінің бірі-бірінші курс студенттерімен, оларды оқытудың жаңа жүйесіне, әлеуметтік қатынастардың жаңа жүйесіне, студенттердің жаңа ролін меңгеруге жылдам әрі табысты бейімдеуге бағытталған жұмыс.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде оқу жылының алғашқы айларында өткізіліп жатқан және табысты бейімделуге бағытталған көптеген іс-шаралар арасында “бірінші курс аптасы”ерекше атап өтіледі. Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты бірінші курс студенттерін белсенді студенттік өмірге тарту, оларды университетпен, факультетпен, ЖОО-да білім алу ерекшеліктерімен, жатақханаларда тұру.

ҚМИУ-дағы бірінші курс апталығы-бұл жаңа танысулар, бейімдеу іс-шаралары, қала бойынша экскурсиялар және мұражайларға баруды қамтитын оқиғалардың тұтас апталығы. “Бірінші курс аптасы” іс-шаралар жоспарына келесі оқиғалар енгізілді:

– бірінші курс студенттерін ҚМИУ кураторларымен, факультеттерімен, кафедраларымен және бөлімшелерімен таныстыру; университет Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, студенттің ар-намыс Кодексімен және т. б. танысу.

– “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясындағы кураторлық сағаттар»

– ҚМИУ мұражайына бару, ҚМИУ бойынша экскурсия: бірінші курс студенттерін университетпен, оның аудиторияларымен, кітапханаларымен, оқу корпустарымен, зертханалармен және т. б. таныстыру.

– ҚМИУ шығармашылық ұжымдары мен студенттік бірлестіктерінің басшыларымен кездесу

– құқық қорғау органдарының, Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығының, Конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының өкілдерімен кездесу.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 940
04.09.2019, 15:29:30, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар