“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ лидерлік активі облыстық семинар-тренингке қатысты

[Дата публикации: 17.09.2019, 18:14:52, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

2019 жылдың 16-17 қыркүйегінде Қарағанды қаласында “Инфинити “даму орталығы” қоғамдық бірлестігімен оқыту іс-шаралары кешені ұйымдастырылды, онда келесі тақырыптар бойынша семинар-тренингтер мен мастер класстар өткізілді: “Тұлғалық өсу”, “Отбасылық қатынастар психологиясы”, “Көпшілік тұсаукесері” және “Тиімді тайм-менеджмент”.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық жобасын іске асыру шеңберінде “Жастар және отбасы саясаты салаларын әдістемелік сүйемелдеу бойынша іс-шаралар кешені”тақырыбында ұйымдастырылды.

Екі күндік семинарға Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының, аймақтық жоғары оқу орындарының Жастар ісі жөніндегі Комитетінің, Қарағанды облысының жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлері мен өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аталмыш әлеуметтік жобаны сапалы және тиімді іске асыру мақсатында жаттықтырушылардың кәсіби психологтары шақырылды.

Тренингке Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамына кіретін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 24 студенті белсенді қатысты. Теориялық бөлімде семинарға қатысушылар көшбасшылықтың әртүрлі теориялары, көшбасшының түрлері мен қасиеттері туралы білді, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту мен өзін-өзі дамытуға қандай жаттығулар ықпал ететінін білді. Сонымен қатар, студенттер қазіргі өмірде командада жұмыс істеу, “жайлылық аймағынан” шығу, стратегиялық ойлауды дамыту, проактивтілік дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетті. Практикалық бөлімде студенттер сұрақтар қойып, топтық жаттығуларға қатысты.

Екі күндік семинар-тренинг соңында белсенді студенттерге сертификаттар берілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 790
17.09.2019, 18:14:52, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар