ҚМИУ-ДЕ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ
[Дата публикации: 26.06.2019, 17:31:13, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
26 маусымда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің алдындағы алаңда сағат 7:00-ден бастап 11 сынып оқушылары, сондай-ақ олардың туыстары, педагогтары мен оқу орындарының директорлары жиналды. Құттықтау сөзін ҚМИУ ректоры Жаутиков Бахыт Ахатұлы ұсынды:
“Бүгін Сіз Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында ересек өмірге алғашқы қадам жасайсыз. Сізге осы жауапты сәтті өтуге тілектеспін”.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін 6 аудитория қатыстырылды. Түлектердің туыстары мен достарында ҚМИУ жаңа корпусының конференц-залында орнатылған мониторлар арқылы ҰБТ-ға тапсыру барысын бақылауға мүмкіндік болды. Арнайы әзірленген сервистің арқасында жеке қатыса алмаған адамдар үшін ҚМИУ сайтында онлайн трансляцияны көре алады.
Шамамен төрт сағат күту артта қалды. Міне, әр түрлі эмоциялары бар алғашқы түлектер шығады, біреулерінде күлімсіреу, басқалары туған-туысқандарын көріп, көз жасын тежей алмайды,ал үшіншілері өз жетістіктеріне сенімді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 766