ҚМИУ-де Қарағанды металлургия комбинатының құрылыс тарихына арналған дөңгелек үстел өтті
[Дата публикации: 08.04.2019, 17:00:04, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
2019 жылдың 8 сәуірде іс-шараға Қазақстан Республикасының құметті құрылысшысы, техника ғылымдарының докторы, «Құрылыс» кафедрасының профессоры Филатов Анатолий Васильевич қатысты.
Дөңгелек үстелді «Құрылыс» кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында Анатолий Васильевич студенттерге құрылыс өндірісіне жаңа технологияларды әзірлеу туралы әңгімеледі. А.В. Филатовтың есімі Теміртау қаласының алғашқы құрылысшыларының Алтын кітабына жазылған. Анатолий Васильевичтің қатысуымен инженерлік-құрылыс факультеті үшін жабдықталған Калинин көшесінде спорт корпусы және ЖОО-ның екі корпусы салынды. Бұдан басқа, ол құрылыста жаңа технологияларды – қада іргетасын құрумен және жер асты құрылыстарын салумен қатар айналысты. Оларға ұсынылған технологиялар прокаттау цехтарын, домна пештерін, Қарметкомбинаттың жылу электр станцияларын салу кезінде тексерілді.
Біздің университет студенттері Қарметкомбинат құрылысының, Теміртау өнеркәсіптік нысандарының тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдады. 70 жылдардан бастап біздің университеттің «Құрылыс» кафедрасы еліміздегі ең мықтылардың бірі болып табылады. Кафедра зертханаларында құрылыс материалдарын зерттеу үшін қолданылатын жабдықтар аз емес. Оның көмегімен құрылыс конструкцияларының қандай жағдайда екенін анықтау үшін беріктігі, жылу өткізгіштігі және басқа да көптеген сипаттамалар анықталады, құрылыс конструкцияларының үлгілеуі жүргізіледі, содан кейін нақты жағдайларда салынатын нақты жүктемелер мен күштерді анықтау арқылы сынақтар жүргізіледі. Осы мақсатта кафедра қала кәсіпорындары мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ зертханаларымен тығыз байланыста.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 632