“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-де “Expo & Women” ұйымының өкілдерімен кездесу өтті

[Дата публикации: 24.04.2019, 14:42:56, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

23 сәуір күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде “Expo & Women” ұйымының өкілдерімен кездесу өтті.

“Expo & Women” халықаралық ұйымы 2015 жылы Қазақстан мен әлемнің әйелдерін экология, инновация және Expo үшін қозғалысқа тарту мақсатында құрылды. Ұйымның міндеттерінің бірі әйелдердің Халықаралық көрмелер – Milan EXPO-2015, Astana EXPO-2017, Beijing EXPO-2019, Dubai EXPO-2020 және т.б. іс-шараларына қатысуына белсенді көмек көрсету болып табылады. Аталған ұйым “Coca-Cola белестері” жобасын іске асыруда “Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы” серіктестерінің бірі болып табылады. Жоба Қазақстанда жетінші жыл бойы жұмыс істейді, осы уақыт ішінде 9400-ден астам әйел оқытылды, конкурсқа бизнес-жоспарлармен 650-ден астам өтінім берілді, оның 50-ден астамы 4000 АҚШ доллары көлемінде гранттармен қолдау тапты.

Ауыл тұрғыны Шолпанай Тұрдышева көп жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді: жасыл, көкөніс және жеміс-жидек өсіреді. Ол өзінің алғашқы оранжереясын ескі терезе жақтауларынан шығарды. Шолпанай жобасы туралы таныстардан білді. Содан кейін интернеттен толық ақпарат іздей бастады. Белгілі сусын брендінің ауыл әйелдерін қолдауға арналған әлеуметтік жобасы бар екен. Іріктеудің басты критерийі қолданыстағы немесе бастапқы бизнес-жоба болып табылады, ол ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге және нақты табыс табуға қабілетті. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін көп балалы анаға “Coca-Cola Белестері” жобасы бойынша төрт мың доллардан астам грант берілді және еліміздің барлық әлеуметтік маңызды іс-шараларына қатысу мүмкіндігі.

Шолпанай Тұрдышева өз тәжірибесіне сүйене отырып, кеңеспен бөліседі: “Шын мәнінде қазақ жері өте бай. Егер біз оған ұқыпты қарайтын болсақ, ол бізге бәрін береді. Тіпті мұнда, қатал климатта, жер бізге сонша игілік береді. Мұны бағалау керек.”.

Ләззат Асқарова, “Expo&Women” ЖҚ атқарушы директоры: “Жоба ауылдық, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз әйелдерге бағытталған. Бұл “Coca-Cola” компаниясының жаһандық бастамасы, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша 5 миллион әйелді тарту, бизнеске тәуелсіз, қаржылық тұрақты болу үшін үйрету. “Жасыл” экономика коалициясы мен Алматы әлеуметтік динамика қоры бұл жобаны Қазақстанда 2012 жылдан бастап іске асыруда”. Ұйымдастырушылар бизнесте әйелдер биікке жете алатынына сенімді. Тек бастапқы қолдау көрсету керек.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 488
24.04.2019, 14:42:56, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар