“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Металлургия және материалтану» мамандығының 1 курс студенті «ҚМИУ Аруы-2019» болып атанды

[Дата публикации: 05.04.2019, 18:40:43, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

2019 жылдың 5 сәуірінде ҚМИУ-де дәстурлі жыл сайынғы «ҚМИУ Аруы-2019» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – студенттердің мінез-құлвқ мәдениетін, белсенді ұстанымдарын, өнерге ұмтылысын, әлеуметтік жауапкершілігін, сахнада өзін-өзі ұстай білуін қалыптастыру.

Студенттер байқауға өте қатты дайындалды. Дайындық күн сайын дерлік, ал концерт күніне жақын күн сайын өткізілген.

Байқауға 7 студент қатысты. Қыздар өздерінің таланттарын үш сынақта көрсетті: визитка, шығармашылық байқау және кешкі көйлектерімен финалдық шығу.

Байқауға қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалады:

  • Халықаралық ынтымақтастық және Эразмус+ департаментінің директоры Аменова Әлия Алиханқызы;
  • Актер және жүргізуші Бекетов Бердах;
  • «ҚМИУ Аруы-2018» байқауының жеңімпазы Базарбекова Венера;
  • Шоумен, «КВН-Жайдарман» лигасының жетекшісі Елдос Арыстанұлы;
  • «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлы.

«Визит карточкасы» байқауында қыздар өз даралығын ашып, слайдтық презентация немес видеоролик арқылы көрсетті, вокалдық номермен немесе театрландырылған мини-көрініспен сүйемелденді.

Ең қызықты шығармашылық сайыс болды, әр қатысушы өз таланттарын көрсетті.

Бірінші болып заманауи биімен қатысушы Абайханова Анель шықты. Қуатты музыкамен қолдағы битамен, Анель залды жарытты. Бидің ерекшілігі оның икемділігі болды, атап айтқанда бидің сонында ол шпагатқа отырды.

Келесі қатысушы Алпысбаева Анелия «Аққу» биін ұсынды. Анелия аққудың қанаттары бар ақ көйлек кийп, биде әсем және үйлескен аққуларды көрсетті. Бидің өзі тазалық символы, асылдық пен сұлулықтың ұлылығын көрсетті.

Қатысушы 3 нөмері Смагулова Алиса «Павлин» экзотикалық биін ұсынды. Өзінің жеңіл және жұмсақ қимылдарымен павлин қозғалыстарын еліктеп, нәзік сезім мен тамаша пластика көрсетті.

Төртінші болып шығыс биімен қатысушы Мадкен Әлия шықты. Қарапайым және гипнотизациялық қозғалыстарды көрсетті. Қатысушы 5 нөмері Жетпісбаева Ақерке көрермендерге әдемі қазақ биін сыйлады.

Келесі сөз алған Ағарыс Ақбота осы жылдың ақпан айында Астанада болған өрт кезінде қаза тапқан 5 қызды еске алуға арнаған ақындық шығармасымен сөз сөйледі.

Байқауға ақындық шығарманы дайындаған Тоқтарбаева Гүлнұр шықты. Бір минуттық үзілістен кейін Гүлнұр және оның әріптесі әдемі вальс биледі.

Байқаудың қорытынды кезеңі кешкі көйлектерімен дәстүрлі шығу болды.

«ҚМИУ Аруы-2019» үміткерлері керемет күш-қуатқа ие болды, сахнада жарық пен позитив шықты, сондықтан да оларға қарау қызықты болды. Көрермендерге қуаныш сыйлаған концерт көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.

Қазылар алқасы мүшелері сахнада өздерін қалай көрсететінін, сөйлеу мәдениетін, өзіндік және жеке өнерін бағалау керек болды. Қазылар алқасы мүшелерінің бірауыздан пікірі бойынша «ҚМИУ Аруы-2019» тағын МиТНМ мамандығының 1 курс студенті Ағарсы Ақбота алды.

Бірінші вице-мисс «Материалтану және материалдар технологиясы» 1 курс студенті Смагулова Алиса болды;

Шынайлық аруы – Абайханова Анель, ҚМИУ-нің техника-экономкалық колледжінің «Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті;

Шығармашылық аруы – Тоқторбаева Гүлнұр, «Технологиялық машиналар және көлік» мамандығының 1 курс студенті;

Дарын аруы – Мадкен Әлия, «Құрылыс және экономика» факультетінің 1 курс студенті;

Сүйкімді аруы – Жетпісбаева Ақерке, «Құрылыс және экономика» факультетінің 1 курс студенті;

Көктем аруы – Алпысбаева Анелия, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1 курс студенті.

Барлық қатысушыларға университет басшылығы атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жастар ісі жөніндегі Комитет және университетінің Студенттік парламенті ҚМИУ студенттер кәсіподағының төрайымы Кәріпбаева Айжан Рыскелдіқызына байқауды ұйымдастыруға көмектескені үшін және қатысушыларға тамаша сыйлықтар бергені үшін алғыс білдіреді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 834
05.04.2019, 18:40:43, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар