ҚМИУ студенттері «Көктем және жастық шақ» жастар керуеніне қатысты
[Дата публикации: 26.03.2019, 10:09:42, жариялауды: Әкімшілік]
Наурыз мерекесі күндері Теміртауда «Көктем және жастық шақ» жастар керуеніне 700-дет астам ҚМИУ, колледж студенттері, мектер оқушылары мен волонтерлер қатысты. Мерекенің басты оқиғасы қаланың орталық көшелеріндегі костюмді халық шеруі болды. Шеру мерекелік, түрлі-түсті және тіпті жұлдызды болд. Сондай-ақ, мереке кезінде саябаққа жиналған адамдар бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты. Кейбір қалықтар үшін бұл дәстүрлі қазақ мерекелік тағамының алғашқы үлгісі болды. Алғашқы ашушыларға өте ұнады.
Мерекелік этноауылда 10 киіз үй орнатылды, олардың біреуі ҚМИУ өкілдері құрылды. Сахнада мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама өте бай болды. Спорттық жарыстар: “қазақ күресі”, “Көкпар”, арқан тарту, Тоғыз-құмалақ, асық және т. б. Саябақта түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар балаларды назарсыз қалдырмады, Қысқы бақта балалар алаңы ұйымдастырылды, балаларға арналған бонус олардың сүйікті мульт-кейіпкерлерін білдіретін бойлық қуыршақтармен суретке түсуге болатын болды.
Теміртаулықтар үшін үлкен әткеншек – алтыбақан орнатылды. Бұл кез келген қазақ салтанатының немесе мерекенің өзгермейтін ойын-сауығының бірі. “Алтыбақан” әткеншектерінде жігіт пен қыз тұрады. Қалған қатысушылар ән айтып, әзіл айтып, әткеншектегі жас жастарды көңіл-күймен қарсы алды.
Киіз үйлердің бірінде халық аспаптарының әр түрлілігі көрсетілді, жас ақындар айтыстары, тартыс және т. б. күйлер өтті.
Сондай-ақ, қала тұрғындарын Теміртау мен Қарағанды қалаларының кәсіби әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама күтіп тұрды.
Бұл жарқын және ежелгі Наурыз мерекесі біздің елімізге Тәуелсіздікпен бірге келді. Наурыз – Ұлы даланың мыңжылдық тарихынан бастау алады. Ол халқымыздың өмірін, жоғары рухымыздың, ұлттық мәдениет пен өнердің, салт-дәстүріміздің өзегі.
Мемлекет басшының күш-жігерінің, оның мақсатты және салмақты саясатының арқасында біздің елімізде бейбітшілік пен өзара түсіністік орнады. Жыл сайын біз ең бсты игілігіміз – бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді есімізге түсіреміз.
Биылғы жылы табиғат теміртаулықтарға шын мәнінде көктемгі ауа райын сыйлады. Қазақтың этникалық музыкасы «Восток» орталық саябақтың жанында таратылып, қаланың әр тұрғынының жүрегіне жақсылық пен жылы сезім ұялатып, ерекше атмосфера жасады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 553