“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

 ҚМИУ студенттері «Ұлы даланың – ұлттық ойындары» атты квест-ойынға қатысты

[Дата публикации: 17.03.2019, 18:00:54, жариялауды: Әкімшілік]

 

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында күн мен түн теңелетін сәт – Ұлыстың ұлы күніне орай 14-15 наурыз күндері колледж және ҚМИУ оқушыларының арасында «Ұлы даланың – ұлттық ойындары» атты танымдық-тәрбиелік квест-ойыны өтті. Аталмыш шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында көрсетілгендей Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай өткен іс-шаралардың қатарына жатады.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ерекше мән берілген тарихи сананы жаңғырту – жас ұрпақ үшін ең алдымен өз болмысын, өз тегін танудан басталады. Салт-пен дәстүрді ұлықтау арқылы ғана ұрпақ өткенге терең бойламақ. Осы мақстақа орай ұйымдастырылған квест-ойын бағдарламасына Теміртау қаласындағы 6 колледжден және ҚМИУ-тен 150 ден астам студент қатысты. Халқымыздың көнеден келе жатқан ұлттық ойындарына қатысты арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіліп, жастар тарихи-танымдық сұрақтарға жауап берді. Мақал-мәтелдер сайысына түсіп, ұлттық ойынның түрлерін ойнаған қатысушылар салт-дәстүрге қатысты өз білімдерін дәлелдей білді.

Іс-шараның соңында квест-ойынында белсендік танытқан студенттерге Оратлықтың «Алғыс хаттары» мен сыйлықтары табыс етілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Просмотров: 673
17.03.2019, 18:00:54, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар