«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
[Дата публикации: 02.03.2019, 09:45:06, жариялауды: Әкімшілік]
ҚМИУ-да “Рухани жаңғыру” және “Ұлы даланың жеті қыры”атты бағдарламалық мақалалар аясында ашық кураторлық сағаттар сериясы басталды.
2018 жылдың 28 ақпанында Теміртау қаласының құрылыс және даму тарихына арналған “Тарихқа тұнған Теміртау” ашық кураторлық сағаты өтті. Бұл іс-шараны дайындаған кураторлар Солтан Мағира Солтанқызы, Омарова Гүлмира Бауыржанқызы және Сергазықызы Анар.
Өте қызықты баяндамалармен ТОМД-17к-2, ТОМД-17-2 және АиУ-18к топтарының студенттері сөз сөйледі, балалардың өз баяндамаларына өте тынымсыз дайындалғаны, олар қызықты, танымдық презентация дайындады.
Студенттер Дүйсебекова Маржан мен Жұмабекова Әнел “Жауыртаудан Теміртау қаласына дейін” атты баяндама жасап, онда Қазақстан Магниткасының арқасында пайда болған Теміртау қаласының қалыптасу тарихын жан-жақты баяндап берді. Студенттер Бедеров Әлихан мен Ерболат Айдын “Құрышты қала Теміртау” атты қызықты хабарлама дайындады. Студенттер Давронов Нұрмаханбет пен Дархан Еділ Теміртаудың танымал металлургтері туралы айтып берді,ал ал Алиева Лилия өз баяндамасын Мемлекет басшысының Альма-матерін қазіргі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне, ВТУЗ зауытына арнады.
Іс-шара өте танымдық әсер алды, себебі студенттер Теміртау тарихынан көптеген қызықты мәліметтер алды. Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, олар өздері үшін белгісіз Теміртау ашты, себебі олардың көпшілігі бізге Қазақстанның басқа аймақтарынан оқуға келді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 590