ҚМИУ Қарағанды облысының Өндірістік және инлустриялы-инновациялық даму басқармасының көшпелі отырысы өткізілді.
[Дата публикации: 13.03.2019, 16:44:26, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 12 наурыз күні ҚМИУ Қарағанды облысының Өндірістік және инлустриялы-инновациялық даму басқармасының көшпелі отырысы өткізілді. Отырыста Қарағанды облысының құрылыс кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындарының арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыладын.
Отырысқа Арман Сейпилұлыич Нұрмағанбетов – Қарағанды облысының Өндірістік және инлустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары; Найля Камалқызы Қаирбекова – Қарағанды облысының Құрылысшылар қауымдастығының төрайымы, Оксана Шойму – Infyde Ltd компаниясының кеңесшісі (Испания); Зауре Есенғалиқызы Нұрғалиева – «Қазақстандық индустриялық даму институты» АҚ бас сарапшысы; Серік Сағимбекұлы Қасымов – Е.А. Бөкетов атын. Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылым және коммерцияландыру басқармасының басшысы, сонымен бірге «Сантехпром» ЖШС, «Аспап» ӨК, «Braer Color» ЖШС, «Эргономика» ҒӨҚ ЖШС, «NORD Пром НС» ЖШС, «Alian Paint» ЖШС, «КазПласт» ЖШС және т.б. кәсіпорындар өкілдері қатысты. ҚМИУ тарапынан Алтын Аманжолқызы Айкеева – ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры; Бауржан Әнуарханұлы Базаров – «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі; Анатолий Васильевич Филатов – ҚӨҒЗИ зертханалар жетекшісі; Алмас Сатыбалдыұлы Ержанов – ғылым және инновация депртаментінің директоры қатысты.
Жиында ҒЗИ және жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін тартумен құрылыс кәсіпорындарының өзекті мәселелерін шешуге арналған Қарағанды облысының құрылыс кластерін құру мәселелері, сонымен бірге өңірде құрылыс секторының индустриялы инновациялық дамуына арналған тиімді жағдайды құру мақсатында құрылымдардың өзара тиімді байланысының механизмдері талқыланды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 624