Студенты КГИУ приняли активное участие в республиканской научно-практической конференции «Формирование личности молодых лидеров этнокультурных объединений»
[Дата публикации: 25.02.2019, 18:48:13, жариялауды: Әкімшілік]
2019 жылы 22 ақпанда Қарағанды қ. Достық үйінде «Этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының жеке тұлғаны қалыптастыру» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты – жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, жас ғалымдарды этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу саласына тарту.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА ҚР жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, оқытушылар, магистранттар және универитет студенттері қатысты.
Кездесуді Қарағанды облысының ҚХА ғылыми-сараптау тобының жетекшісі, профессор В.Б. Молотов-Лучанский жүргізді.
Пленарлық отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Қ.Қазкенов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж. Артықбаев, Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің бас менеджері Б. Мұсабеков, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының директоры Ж. Тұрсынова сөз сөйледі.
Конференция бес секция жұмысын ұйымдастырды:
- Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі;
- Қазақстан жаһандану әлеміндегі: әлеуметтік-демографиялық мәселелер;
- Рухани жаңғыру – болашаққа жол;
- Ғасырлар дәстүрін сақтау: қазақтар мен төзімділік мәдени коды;
- Ұлы даланың ұлы есімдері.
Біздің университетімізден конференция жұмысына ҚТ және ӘГП кафедрасының оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты. Конференция ұйымдастырушылары біздің студенттеріміздің өте жақсы дайындығын, ұсынылған баяндамалардың сараптамалық-зерттеу сипатын атап өтті. ҚМИУ магистранты Қуанышбаев Руслан ҚТ және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы В.Г Черкашин жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың рухани-адамгершілік мұрасы» тақырыбына баяндама жасады, студенттер Гонта Наталья мен Дряхлова Оксана бүгінгі күннің маңызды тақырыбына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті қалыптастырудағы адамгершілік құндылықтардың рөлі» тақырыппен сөз сөйледі, студенттер Қуанышқызы Сәуле және Баймұратов Диляра «Жастар отрасындағы ұлтаралық келісім мен толеранттылық мәселелері» атты баяндамада, ғылыми жетекшісі – ҚТ және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Солтан Магира сөз сөйледі.
Модераторлар мен спикерлердің ерекше назары мен қызығушылығын ҚХА кафедрасының меңгерушісі Д.К. Жанабергенованың жетекшілігімен дайындаған «Гуманитарлық пәндер сабақтарында эстетикалық талғамды қалыптастыру» аттты Елефтериади Савелийдің сөйлеген сөзі.
Біздің студенттеріміздің осындай конференцияға қатысуы азаматтық қоғамның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Конференция мазмұнды, жемісті және қызықты болып өтті.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 724