«Денсаулық мәдениетін қалыптастыру және студенттер арасында аддиктивті мінез – құлықтың алдын алу» семинар-практикум
[Дата публикации: 15.02.2019, 15:38:43, жариялауды: Әкімшілік]
Студенттік жастарды дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, сонымен қатар денсаулықты нығайту және студенттердің дене шынықтыру және спорттық дайындығын жетілдіру мақсатында 2019 жылдың 13-15 ақпан аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің платформасында студенттер арасында «Денсаулық мәдениетін қалыптастыру және аддиктивті мінез – құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумда кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің денсаулығын сақтаудың өзекті мәселелері, жастар арасында ЖИТС-тің алдын алу мәселелері, мамандардың қатысуымен өскелең ұрпақтың денсаулық мәдениетін қалыптастыру бойынша заманауи тәсілдер қарастырылды.
Семинар-практикумның жұмысына университеттің профессорлық – оқытушылық құрамы, ҚМИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі директоры, ТЭК педагог-психологы, студенттік активтер мен «Қамқор» еріктілер клубының көшбасшылары қатысты.
Семинар-практикум аясында педагогикалық қызметкерлер үшін тренинг сабақтары мен дөңгелек үстел өткізілді.
Салауатты өмір салты бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, студенттердің бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметін насихаттау аясында университетте осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
ҚМИУ баспасөз қызмет
Просмотров: 578