“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттік парламентінің президентін сайлау қорытындысы шығарылды

[Дата публикации: 25.02.2019, 23:40:29, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында ҚМИУ студенттік парламентінің Президентігіне кандидаттарға дауыс беру рәсімі өткізілді, әр студент бюллетень арқылы өз дауысын берді. Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы жарысқа қатысу үшін 8 үміткер тіркелді.

Дауыс бергеннен кейін әрбір кандидаттың сенім білдірген адамдары бюллетендерді санап шықты. Дауыс берудің қорытындылары:

  • Елефтериади Савелий, МҚӨТ-17 тобы – 127 дауыс;
  • Зұлқайдар Ерхан, МЖ-17к тобы – 104 дауыс;
  • Ешенқұлов Шырат, АжБ-17к тобы – 86 дауыс;
  • Сапаров Дастан, МЖМТ-16к тобы – 65 дауыс;
  • Ташполатов Акрамхан, ҰМ-17 тобы – 33 дауыс;
  • Тарасов Нұрасыл, ТМЖ-18к тобы  – 15 дауыс;
  • Зиядова Айтадж, Э-17 тобы – 14 дауыс;
  • Бобылев Артем, ҰМ-17 тобы – 9 дауыс.

Сайлау рәсімдеріне сәйкес кандидат басқа кандидатқа өз дауыстарын беруге құқылы, бұл ережені Зұлқайдар Ерханның пайдасына 15 дауыс берген Тарасов Нұрасыл қолданды, нәтижесінде Зұлқайдар Ерхан 119 дауыс жинады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Елефтериади Савелий ең көп дауыс жинап, ҚМИУ студенттік парламентінің президенті болды.  Сайлауға қатысқан барлық студенттер енді парламент активін құрайтын болады.

Студенттік Парламенттің жаңа құрамына табысты және жемісті еңбек тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 718
25.02.2019, 23:40:29, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар