“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “АЛАМАН”ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

[Дата публикации: 14.12.2018, 19:07:49, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚМИУ студенттері жыл сайын «Бурабай-Discovery» базасында өтетін республикалық «Аламан» фестиваліне тағы да тамаша нәтижелер көрсетті.
Фестиваль «Серпін-2050» бағдарлама арқылы оқитын студенттердің шығармашылық бастамаларын, ғылыми әлеуетін, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Біздің университетті ЭЭ-15к тобының 4 курс студенті Есімханова Айдын  Капашева Жания Құдайбергеновнаның жетекшілігімен таныстырды. Айдын “Үздік әлеуметтік жоба”номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

Бұл жолы лауреат атағы үшін 26 жоғары оқу орны мен жеті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы күресті. Олар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарын таныстырды.

Фестиваль қатысушылары бағалы сыйлықтар, дипломдар, сертификаттар мен медальдарға ие болды. Фестиваль шығармашылықпен ойлайтын, белсенді, талантты студент жастарға арналған нағыз мерекеге айналды.

Ең бастысы, біздің республикамыздың түрлі салаларындағы жастар қарым-қатынасқа тағы бір мүмкіндік алды, басқа оқу орындарының студенттерімен танысты.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 483
14.12.2018, 19:07:49, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар