ҚМИУ студенттері республикалық деңгейдегі латын тіліндегі жалпыұлттық диктантқа белсене қатысты
[Дата публикации: 14.11.2018, 17:47:44, жариялауды: Әкімшілік]
2018 жылы 14 қарашада сағат 11.00-де ҚМИУ студенттері барлық Қазақстандықтармен бірге латын жазуындағы бірінші республикалық ұлттық диктантқа белсенді қатысты . Бұл біздің университет студенттерінің екінші тәжірибесі, осыған ұқсас іс-шара биылғы жылдың көктемінде ұйымдастырылған еді. ҚМИУ біздің аймақтағы ең алғашқы латын жазуындағы жаттықтыру диктантын жазған жоғарғы оқу орндарының бірі болды.
Бұл жолы диктант латын әріпіндегі қазақ алфавитін кеңірек тарату мақсатында ұйымдастырылды, сондай –ақ 2018 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген латын әліпбиінің дағдыларын игеру және меңгеру.
Диктанттың басталуына 15 минут қалғанда студенттерге арнайы қағаз бен қалам сонымен бірге көмекші құрал ретінде латын жазуына негізделген әліпби таратылды. Ол студенттерге жазу ережелерін қайтадан бір қарап шығып естеріне сақтап алуға болатын мүмкіндік ретінде үлкен көмегін тигізді.
Диктанттың мәтінін«Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Капашева Жания Құдайбергеновна мәнерлеп оқыды. Диктанттың ұзақтығы 30 минут болды.
Диктанттың шарттары бойынша бірінші оқылымда мәтінді мұқият тыңдау керек , екінші – жазыңыз , үшінші -орфографияның дұрыстығын және сөйлемнің дұрыс жазылғанын тексеру. Келесі бөліктегі мәтінге ойлары мен көңілдерін аудару мақсатында әр дыбыс аралығында үзіліс жасалды.
Диктанттың соңында проектормен көмегімен диктант тақтаға көрсетілді. Әрбір қатысушы өз білімдерін өздері бағалап жаңа алфавитті қолдануға бейімделуін тексеріп, таразылап 5 баллдық бағалау критерийлері бойынша өздерін-өзі бағалауға мүмкіндік алды.
Диктантқа барлығы 400 адам қатысты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 809