«Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының есепті-сайлау жиналысы ҚМИУ өткізілді
[Дата публикации: 16.10.2018, 12:13:01, жариялауды: Әкімшілік]
2018 жылы 12 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының есепті-сайлау жиналысы өткізілді.
«Нұр Отан» партиясының Теміртау қаласындағы филиалының «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының қатарында 981 мүшесі бар және БПҰ құрамын: ҚМИУ, Мәдениет сарайы, «Вершина» ӨК, «ҚазЭнергоМаш» ЖШС, мүшелері көп (726 адам) ұйым университет ұжымы құрайды.
2017 жылы «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымы облыстық «Үздік БПҰ» байқауының жеңілпазы атанды, бұл күнделікті партиялық жұмыстың нәтижесі.
Жиналыс барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының жұмысы жайлы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: кірістерді және өмір сүру сапасын жоғарлату” Қазақстан халқына арналған жолдауын талқылау.
3. «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының бюросын сайлау.
4. «Нұр Отан» партиясының Теміртау қалалық филиалының қалалық есепті-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау.
Жиналысты ҚМИУ ректоры Бахыт Ахатұлы Жаутіков ашты, барлық қатысушыларға бастауыш партия ұйымының 2018 жылы атқарылған жұмыстары жайлы, партия мүшелері қатысқан жобалар және акцияларға қатысуы және алдыңғы кезеңдегі негізгі міндеттер туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: кірістерді және өмір сүру сапасын жоғарлату” Қазақстан халқына арналған жолдауы талқыланды.
«Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының бюросын сайлау мәселесі бойынша ашық дауыс беру тәсілімен партия мүшелерімен келесі шешім қабылданды: «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының төрағасы лауазымына қайтадан Б.А. Жаутіков, төраға орынбасары А.Р. Карипбаева және «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының хатшысы болып Д.Ж. Ыбрай сайланды.
Төртінші мәселе бойынша БПҰ төрағасының орынбасары Айжан Рыскелдіқызы Карипбаева «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының атынан «Нұр Отан» партиясының Теміртау қалалық филиалының қалалық есепті-сайлау конференциясына 30 делегатты сайлауды ұсынды.
Жалпы партиялық жиналыс мүшелері бір ауыздан «Теміртау мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді. Партия мүшелерінің құрамының сапасын нығайтуға арналған
ұсыныстар, сонымен бірге өмірлік ұстанымы белсенді азаматтарды партия қатарына тартуға ерекше көңіл аударуға, қабылданған шешімдерді жұртшылықтың назарына жеткізуге шешім қабылданды.
Жиналыс соңында Бахыт Ахатұлы Жаутіков қатысушыларға белсенді және табысты жұмыстары үшін алғыс айтты және барлық партия мүшелеріне табыс тіледі.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 735