ҚМИУ-да қылмыстық құқық бұзушылықтардың онлайн-карта жұмысы бойынша таныстыру семинары өтті
[Дата публикации: 03.10.2018, 20:43:10, жариялауды: Әкімшілік]
3 қазан 2018 ж. Теміртау қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің прокуроры Батталова Гүлмира Серікқызы тәрбие ісі және жастар саясаты Департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызымен бірлесіп ҚМИУ-дың күндізгі бөлім студенттері үшін «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» және «Апаттылық картасы» деректер базасы жұмысы бойынша таныстыру семинар өткізді.
Семинар барысында Г.С. Батталованың сөзінен студенттер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 32-ші қадамы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» ұлттық ақпараттық жүйесінің негізінде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру болып табылатыны туралы білді. Картада елде жасалатын барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың жасалған орындары мен жағдайлары көрсетіледі. Карта «online» режимінде жұмыс істейді.
Картаның бірегейлігі – бұл сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілім базасымен ықпалдастырылған және соның арқасында қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат полицияда арызы тіркелгеннен кейін автоматты түрде Карточкада дереу пайда болады.
«Орнын, уақытын және қылмыс түрін, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдар туралы барлық ақпаратты көруге болады. Сондай-ақ, аймақтағы қылмыс динамикасы көрсетіледі. Адамдар ауданның қаншалықты қылмысты екенін біле алады, аудандарды, көшелерді немесе үйлерді бір-бірімен салыстыра ала алады. Карталарда Қазақстанның кез келген нүктесінде жасалған қылмыстар көрсетіледі», – деді прокурор Г.С. Батталова.
«Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» және «Апаттылық картасы» үйлестік тәсілі бойынша жұмыс істейді.
Семинар жұмысын қорытындылай келе, ТІ ж ЖС директоры М.М. Салпенова дұрыс өмір салтын жүргізу, заң бұзбау маңызды екенін атап өтті, себебі кез келген бұзушылық, тіпті ұсақ бұзақылық ҚР құқықтық статистика Комитетінің деректер базасында тіркеледі және болашақта құқық қорғау органдарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа кіруге елеулі кедергі болуы мүмкін.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 934