ҚМИУ студенттері «Жер-Ай жүйесі» телекөпіріне қатысты
[Дата публикации: 18.10.2018, 17:21:46, жариялауды: Әкімшілік]
2018 жылы 18 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері Ресей және Қазақстанның жоғары, орта және арнайы оқу орындарының білімгерлерімен, Ресей және ТМД елдерінің жетекші шикізатты компанияларының өкілдерімен бірге РҒА В.И. Вернадский атын. Геохимия және аналитикалық химия институтының ғылыми жетекшісі, РҒА Жоғары оқу орындарының академиялық навигация орталығының академигі Эрик Михайлович Галимовтың қатысуымен н өткізілген «Жер-ай жүйесі» телекөпіріне қатысты.
«Э.М. Галимов – изотопты геохимия саласындағы әлемдік көшбасшыларының бірі, көп атомды органикалық қосындылар жүйесіндегі изотоптардың қызметі теориясының авторы. «Изотоптардың органикалық химиясы саласына қосқан зор үлесі үшін» халықаралық Альфреда Трейбс атын. медалмен марапатталған.
Э.М. Галимовтың негізгі ғылыми еңбектері органикалық геохимия, мұнай және газ геологиясы, алмазды түзілу, ай және планеталардың қалыптасу тегі мәселелеріне арналған.
Телекөпір – дәріс РФ Тау-кен ғылымдарының академиясының қолдауымен РҒА В.И. Вернадский атын. мемлекеттік геологиялық мұражай базасында өткізілді.
Телекөпір аясында академик Э.М. Галимов «Жер-ай жұбының түзілу механизмін қайта қарау және жалпы планеталық жүйенің қалыптасу процестері» атты дәрісін оқыды.
Екі сағат бойы Қазақстан және ТМД елдерінің әртүрлі өңірлерінде оқитын студенттер телетрансляция жұмысына белсене қатысты. Студенттер үлкен қызығушылықпен академиктің дәрісін тыңдады.
Дәріс соңында Жер-Ай күн жүйесінің қосарлы ерекше планетасын байланыстыратын және олардың жақын серіктестерінің өзара әрекеттесуіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Университеттер академикке алғыстарын білдірді, сонымен бірге осы кездесуді ұйымдастырылған РҒА В.И. Вернадский атын. мемлекеттік геологиялық мұражай өкілдеріне де алғыс айтылды.
Телекөпір жұмысын қортындылай келіп, барлық қатысушылар бірлі ақпараттық кеңестікті кеңейтуге және нығайтуға бағытталған осындай байланыстар пайдалы және табысты екенін атап өтті.
Мұндай кездесулер студенттер үшін экологиялық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың маңызы зор. Болашақ мамандар қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға және сақтауға, экологиялық талаптар және ережелерді орындауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жауапкершілікпен дайын болуы керек.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 742