“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенті 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия Кубогы және Азия чемпионатында күміс және қола медалді жеңіп алды

[Дата публикации: 30.10.2018, 15:07:09, жариялауды: Әкімшілік]

 

Азия чемпионаты шеңберінде Самарканд қ. 2018 жылдың 20 мен 25 қазан күндері аралығында: 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, 23 жасқа дейінгі жастар арасында, сонымен бірге параканоэ бойынша чемпионат және үлкен спортшылар арасында байдарка және каноэ бойынша есу жөніндегі Азия кубогына арналған біруақытта бірнеше жарыстар өткізілді, осы жарыстарға әлемнің 15 елінен 300 астам спортшы қатысты.

Жарыс қортындысы бойынша Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері тоғыз медалді жеңіп алды. Үлкендер санаты бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «ККТжТ-15» тобының студенті Виктор Степанов 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы  Азия чемпионатында және үлкендер арасында Азия Кубогы жарыстарында байдарка және каноэда есу бойынша 200 метрлік қашықтықта жеке каноэда есу бойынша қола медалді, каноэ-төрттікте 500 метрлік қашықтықта күміс медалді жеңіп алды.

Спортшыларды жаттықтырған жаттықтырушылар Евгений Владимирович Егоров және Владимир Александрович Петров.

Біздің спортшыны жеңісімен құттықтаймыз! Әрі қарай жарыстарда жеңіс тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Просмотров: 614
30.10.2018, 15:07:09, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар