“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жаңа білім – табыс кілті!

[Дата публикации: 13.10.2018, 18:40:46, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылдың 10-11 қазан күндері Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқу озаттары және талантты жастарының өкілдері Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің кітапханасы ұйымдастырған «Ру-хани жаңғыру: Болашаққа жол» атты республикалық семинар-тренингке қатысты. Осы іс-шара ерекше пікір-алмасу алаңы саналады, жастардың көш-басшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Семинар-тренингке со-нымен бірге Қаныш Сатпаев атын. Қазақ ұлттық зерттеу техникалық универ-ситетінің, Шоқана Уалиханов атын. Көкшетау мемлекеттік университетінің де студенттері қатысты.

Бірінші Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Альма-матері ҚМИУ студенттері семинар жұмысына белсенді қатысты. Олар үшін авторы біздің Елбасы саналатын ерекше құжаттармен танысу, олар үшін үлкен құр-мет. Біздің университет үш жыл ішінде бірінші күнінен бастап осы іс-шараның жұмысына белсене қатысуда.

Семинар-тренинг шеңберінде философия ғылымдарының докторы, про-фессор Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев, тарих ғылымдарының кандидаты Са-ғынтай Кенесқызы Бердагұлова «Бәсекеге қабілеттілік – ХХІ ғ. халықты жа-ңарту», «Тарихи жол және Қазақстанның эволюциялық дамуы», «Ұлттық сәйкестікті сақтау», «Ашық сана – болашаққа ұмтылыс» тақырыптарына дә-ріс оқыды.

Сонымен бірге студенттер «Жеке тұлғалық қасиеттерді арттыру және командалық тиімділік, бәсекеқабілеттілік», «Жобалар – бағыттар, тақырыбы және құрылымы, «Туған жер» саяхат жобасын әзірлеу» тақырыптары бо-йынша практикалық тренинг жұмысына қатысты. Біздің балалар семинар шеңберінде жобаларды ұсыну барысында өздерінің білімдерін көрсетумен бірге жақсы нәтижеге қол жеткізді.

МҚӨТ-17 тобының студенті Савелий Елефтериадидің Қазақстанның саяхаттау саласын дамытуға арналған жобасы үздік жоба ретінде танылды. Семинар-тренинг барысында әлеуметтік желістердегі үздік пост конкурсы ұйымдастырылды, осы конкурста МҚӨТ-17 тобының студенті, «Жауыртау-дағы кездесу» облыстық форумға қатысқан Наталья Гонт, «Ақпараттық ағым, әлеуметтік желістегі қарым-қатынас мәдениеті (блогерлер)» номинациясы бойынша жеңілпаз атады. Осы факторлардың барлығы техникалық маман-дықта оқитын студенттер жан-жақты гуманиралық құрамдас салада да та-лантты екендерінің дәлделдейді.

«Менің жобамның мақсаты біздің Республиканы медия кеңестікте әлем деңгейінде таныту. Мен біздің еліміз туралы әлемдегі басқа елдердің көп біл-генін қалаймын. Мен бағдарлама әзірледім, осы бағдарлама бойынша шетел-дік жоғары оқу орындары, колледждерде гуманитарлық мамандықта оқитын студенттермен танысумен қатар оларды елімізге шақыруды көздедім, мыса-лы режиссураға қатысты, Қазақстанда табиғаты әдемі және тамаша жерлер көп, ол туралы әлемнің барлық елдеріндегі халықтар біле білмейді. Әрі қарай жас режиссерлер біздің елімізді таныған кезде әлемдік медия кеңестікте Қа-

зақстан туралы фильмдер көп болады деп сенемін» – дейді Савелий Елефте-риади.

Студенттің жобасы семинар жұмысына қатысқан республикалық БАҚ журналистерінің және Қазақстанның 100 жаңа есімдері жобасының «Мәде-ниет» номинациясының жеңілпазы, New York Film Academy түлегі, мәде-ниет магистрі, жас режиссёр, продюсер Айдия Ұланбекұлы Айдарбековтың қызығушылығын турдырды. Сонымен бірге Савелий жобаны жүзеге асыруға арналған ұсыныс және Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Кітапханасында өткізілетін тимбилдингтерді ұйымдастыру бойынша жат-тықтырушы болуға шақыру алды.

«Біз осындай деңгейдегі іс-шаралар жалпы жастарды мемлекетті нығай-тудағы тарихи миссияға адал болуға, әрі қарай қоғамда өзінің орын табуға көмектеседі деп ойлаймыз. Сонымен бірге осындай деңгейдегі семинарлар біздің қоғамымыздың зияткерлік іргетасы ретінде білімділік мәдениетін на-сихаттауға мүмкіндік береді. Олар «өзгертумен сақтау, сақтаумен өзгерту» идеясы арқылы заманауи рухани-адамгершілік моделін жүзеге асыруға ықпал етеді», – дейді студенттер тобының жетекшісі «ЭКжБЖФ» деканының орын-басары Ж.К. Капашева.

ҚМИУ баспасөз қызметі 

 


Просмотров: 779
13.10.2018, 18:40:46, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар