“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Брейн-ринг» Teachers versus students

[Дата публикации: 21.09.2018, 16:39:36, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралары жоспары шеңберінде Қазақстан халықтары Тілдер күні мерекесі қарсаңында 2018 жы-лы 24 қыркүйек күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Брейн-ринг» зияткерлік ойны өткізілді, осы ойында студенттер және оқы-тушылар құрамасы кездесті. Әрбір қоманда құрамында 6 қатысушы болды.

Осы іс-шара біздің университетте дәстүрлі түрде өткізіледі. Ойын адам-ның аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, жылдам дұрыс жауап беруін, дұрыс шешім қабылдау қасиеттерін қалыптастырады және жетілдіреді.

Ойын үш кезең бойынша өткізілді. 1 кезең – қазақ тіліндегі сұрақтар, 2 кезең – орыс тіліндегі сұрақтар, 3 кезең – ағылшын тіліндегі сұрақтарға жа-уап берілді.

Үш кезең нәтижесі бойынша студенттер командасы жеңіске жетті, олар жюри мүшелеріне өздерінің білімдерін, бір командада жұмыс жасай алатын қабілеттерін көрсетті.

Жеңілпаздар командасына грамота және естелік сыйлық, ал жеңілген командаға көтермелеу сыйлығы тапсырылды. Сонымен бірге екі командаға да ҚМИУ кәсіподақ ұйымының атынан тәтті сыйлық тапсырылды.

Брейн-ринг ойынын «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасы ұйым-дастырды.

 

 


Просмотров: 584
21.09.2018, 16:39:36, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар