“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Бұқар Жырау Қалмақанұлының шығармашылық мұрасы

[Дата публикации: 12.06.2018, 16:05:13, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

ҚМИУ «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі Нұрзия Әбдікәрім қазақ халқының ауыз әдебиетінің өкілі, қазақ ханы Абылайханның бас кеңесшісі ұлы дала жыршысы  Бұқар Жырау Қалмақанұлының 350 жылдық мерейтойына арналған конференцияда баяндама жасады.

Конференция Бірінші Президенттің тарихи-мәдениет орталығында өткізілді. Осы конференцияға Ұлт Көшбасшысының серіктестері, Қарағанды облысының мұражайларының өкілдері, жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері және оқытушылары, мектеп оқушылары және мұғалімдері, еңбек ардагерлері қатысты. Қатысушылар назарына Бұқар Жыраудың өмірі және шығармашылығына арналған бейнекөрініс ұсынылды. Бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері Бұқар Жырау Қалқаманұлының өмірі және шығармашылығына арналған баяндама жасады.

Конференция мақсаты Бұқару Жыраудың әдеби мұрасын және шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, ұлы даланың түлегі Бұқар Жыраудың шығармашылығы үлгісінде патриоттық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Конференцияның белсенді қатысушылары Алғыс хатпен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

   

 

 

 


Просмотров: 663