ҚМИУ студенттері қоғамдық орындарда Қазақстанның әнұранын орындады
[Дата публикации: 04.06.2018, 17:19:18, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Акция Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні және Астана қ. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, қаланың бірнеше қоғамдық орындарында ұйымдастырылды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері туған елінің әнұранын орындады.
4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік символдар – ту, елтаңба және әнұран – мемлекеттің ажырамас бөлігі. Еліміздің әнұраны 2006 жылы «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні негізінде қайта өңделді.
ҚМИУ студенттері – жас патриоттар – өздерінің үлгісімен теміртаулықтарға «үлгі» болды. Олар бірнеше топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалыста қолдарын жүректеріне қойып жан-тербелісімен әнұранды орындады.
– Біз үшін осы акцияға қатысу үлкен жауапкершілік. Қазақстан Республикасының әнұранын орындағанымыз үшін мақтаныштымыз – дейді ҚМИУ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы «МЖ-15қ» тобының студенті Карибжан Мадияр. – біз мемлекетіміздің болашағымыз. Барлық ұрпақтар өкілдерін әсіресе жастарды ұлттық құндылықтарымызды – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, сонымен бірге мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырамыз.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 982