«Менің отанымның рәміздері»
[Дата публикации: 06.06.2018, 10:40:06, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Қалалық зияткерлік ойын «Менің отанымның рәміздері» 4 маусым күні ҚМИУ өткізілді. Қатысушылар – Теміртау қ. колледж студенттері – өздерінің мемлекеттік рәміздерге қатысты білімдерін және Қазақстанның өміріндегі олардың маңыздылығын, мәнін, атқаратын рөлін қалай анықтай алатындықтарын көрсетті.
Осы күнгі пікір-талас өте қызықты болды. Студенттер берілген сұрақтарға дәлелді жауап берумен, өздерінің «мемлекеттік рәміздерге» қатысты білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Блиц-сұрақ уақытында олар геральдика дегеніміз не, «әнұран» және «елтаңба» сөздерінің мәнін, қай жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданғанын, ғимаратта мемлекеттік елтаңба және туды орналастыру кезінде қандай шартты қатаң сақтау керектігін, қай жерде және қайда мемлекеттік елтаңба және ту, сонымен бірге Қазақстан Республикасының әнұранын қолдануға болатындығы жайлы сұрақтарға толық жауап берді.
Ойынның келесі кезеңінде ҚР елтаңбасының авторлары жайлы, бесбұрышты жұлдыз, шаңырақтың екі жағында не орналасқанын, нені білдіретіндігі, жалпы Отанға қызмет ету идеясы, елтаңбадағы шаңырақ, және т.б. сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезең еліміздің туына арналды. Сұрақтар арасында – мемлекеттік тудың авторы кім? Тудың бірыңғай түсі нені білдіреді, тудағы күн нені білдіреді, оның маңында қанша сәуле белгіленген, сәулелер неге бидай түрінде бейнеленген, еліміздің туын әзірлеуге арналған конкурсқа қанша жобалар қатысты, тудың ұзындығы және енінің өлшемі қанша деген сұрақтарға жауап алынды.
Келесі кезең мемлекеттік әнұранға арналды. Сұрақтар тізімінде: әнұран сөзінің авторы кім, ҚР әнұраны шырқалған кезде ҚР азаматтарының іс-қимылдарының тәртібі қандай, герк сөзінен «әнұран» сөзінің аудармасының мәні қандай, «Менің Қазақстаным» әні қай жылы жазылды, Қазақстан тарихында әнұран неше рет бекітілді? Кейін ұйымдастырушылар – Теміртау қ. Ішкі саясат бөлімі және ҚМИУ өкілдері конкурсқа қатысушылар қаншалықты әнұранды жатқа білетіндерін тексерді: командаларға параққа жазылған әнұран мәтіні таратылды, мәтінде көп нүктенің орнына қажетті сөзді 1 минут ішінде жазу керек болды.
Командалар 7 минут ішінде «Жастар бойында мемлекеттік рәміздерге деген құраметті қалай қалыптастыру керек?» деген тақырыпқа арналған шағын-жобаны жазу ең қызықты кезең болды. Қортындысында қатысушылардың бірі мектеп бағдарламасына әрбір оқу жылының соңында осы тақырып бойынша емтихан тапсыруды енгізуді, басқалары қалада әртүрлі акцияларды ұйымдастыру қажеттілігі туралы жазды.
Зияткерлік ойынның барлық қатысушылары грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар осы іс-шарада Теміртау қ. Ішкі саясат бөлімі бұрын өткізген іс-шаралар бойынша әртүрлі конкурстардың жеңілпаздары да мараптатталды.
Эссе конкурсы бойынша: 1 орын – Л. Желикке (жетекшісі – Ж. Жумадилова), 2 орын – С. Ховдбайға (жетекшісі – М. Атчабарова), 3 орын – Н. Гайнуллинге (жетекшісі – А. Бикенова) берілді, сонымен бірге Б. Султанбекова, А.Аслан, А. Кабдыгалиев, А. Аманбеккызы, А. Гусев марапатталды.
Бейнекөріністер конкурсы бойынша: М. Темирбеков және В. Еремеев марапатталды.
Әлеуметтік жарнама конкурсы бойынша: М. Айнабекова, А. Апекина, В. Басова, Е. Харина, А. Едапина, Л. Ермакова, Г. Тулегенова, Е. Захарова, С. Искакова, А. Зотеева марапатталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 904