“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Журналист болу оңай ма?

[Дата публикации: 15.05.2018, 15:23:44, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Теміртаулық қыздар гимназиясының оқушылары журналист мамандығының қыр-сырын меңгеруге ұмтылды. Осы тақырыпқа арналған сынып сағатына кәсіби бағдар жұмысы шеңберінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің баспасөз хатшысы Светлана Егорова шақырылды.

Газет тілшісі және баспасөз-хатшысының жұмыстарына қатысты ортақ нәрселер көп. Сонымен бірге журналистер әртүрлі ұйымдар және кәсіпорындардың баспасөз қызметінде жұмыстарын ерте бастап кеш аяқтайды. Осыған қатысты мысал көп, соның бірі Светланы Егорованың еңбек жолы, ол көп жылдар бойы теміртаулық бұқаралық ақпараттар құралдарында еңбек етті.

Сонымен бірге кездесуге «Номина» газетінің редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Татьяна Войтенко да қатысты. Бір-бірін толықтырған қонақтар газет редакциясына қалай келгендерін, осы жұмыстың артықшылығы және кемшіліктері жайлы айтты. Кез келген журналистің өмірінде жиі кездесетін есте қалған небір қызық оқиғаларды еске түсірді.

Тыңдаушылар да қызығушылық танытты, гимназист қыздар «Қандай белгілі тұлғалармен кездестіңіз?», «Бірінші мақалаңыз не жайында жаздыңыз?», «Сіздің жұмысыңызда қауіпті жағдай болды ма?», «Егер журналист болмаған жағдайда қандай мамандықты таңдайтын едіңіз?» және т.б. өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды және жауап алды. Кездесу екі жақ үшін де қызықты өтті. Гимназия қонақтары бала кездерінен журналист болуды армандағандарын айтты, өздерінің осы мамандықты таңдағандарына өкінбейді, өздерін қоршаған адамдарға көмек көрсетуге, ал мақалаларды жүрек жылуымен жазу керек.

Полина Криворучко: «Маған кездесу өте ұнады. Қонақтарды тыңдау қызық болды. Мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастыру қажет».

Дарья Бетхер: «Біз бүгін журналист мамандығы жайлы көп мағұлматтарды білдік. Бұл ақпараттар болашақта қажет болуы мүмкін. Мұндай кездесулерді жиі ұйымдастыру керек. Осындай кездесулер бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау кезінде көмектеседі».

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 689
15.05.2018, 15:23:44, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар