“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Екі «күміс» және бір «қола»

[Дата публикации: 11.05.2018, 14:48:58, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

2 мен 6 мамыр аралығында Алматы қ. өткен байдарка және каноэ бойынша ескек есуге арналған ҚР Чемпионатында «ККТжТ-15» тобының студенті Виктор Степанов екі екінші және бір үшінші орынды жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының  чемпионатына Алматы, Шымкент, Астана Орал және Қазақстанның басқа қалаларының спортшылары қатысты. Виктор Степанов жеке каноэ бойынша 200 метрде «күміс» және жұпты- каноэ бойынша 500 метрде «қола», сонымен бірге жұпты- каноэ бойынша 200 метрде «қола» медалді жеңіп алды. Үш жыл бойы Виктор өзінің серіктесі жаттықтырушысы Владимир Петровпен бірге өнер көрсетеді.

ҚМИУ студенті байдарка және каноэ бойынша ескек есу спортымен тоғыз жылдан артық айналысады. Ол үшін әрбір жарыс – өзінің қабілетін тексеру.

– Әр жарыстағы бәсекелестік жоғары, сен әрбір жарыста өзіңінің ғана шеберлігіңді ғана ұштамайсың, сонымен бірге сенің қарсыластарыңда өздерінің шеберлігін ұштайды – дейді үшінші курс студенті.

Осы жарыс нәтижесі бойынша 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы 24 мен 29 шілде айында Болгарияда өтетін Әлем чемпионатына В. Степанов жолдама алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

Часть наград В. Степанова: медали, полученные только за годы обучения в КГИУ


Просмотров: 501