Фибоначчи схемасы бойынша күн батареялары
[Дата публикации: 10.04.2018, 15:32:28, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
ЭЭ-17қ тобының студенті Дмитрий Тарба ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалардың халықаралық байқауында ІІІ орынды иеленді.
Байқау 4-5 сәуірде Бөкетов ат.ҚарМУ-да өтті. Оған Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты. Жұмыс бірнеше секцияда жүрді: «Компьютерлік графика және анимация, дизайн», «Инновациялық оқыту әдістері мен құралдары», «Web-ресурстар әзірлеу мен ақпараттық қауіпсіздік», «Бағдарламалау», «Мехатроника и робототехника».
ҚМИУ студенті Дмитрий Тарбаның «Фибоначчи схемасы бойынша әзірленген күн батареялары» жұмысы ІІІ дәрежелі дипломға лайық деп танылды. Оның ғылыми жетекшісі “Жаратылыстану-ғылыми пәндер” кафедра меңгерушісі м.а., ф-м.ғ.к., доцент Есенбол Хуанбай.
Дмитрий өзінің жұмысында күн энергиясын қолданудың баламалы тәсілі – кеңістікте күн панельдерін тиімді геометриялық орналастыруды ұсынды. Бірінші курс студенті жаңартылатын энергия көздерін құруға арналған жаңа форматты ұсынды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 681