Қоғамдық сананы жаңғырту
[Дата публикации: 03.04.2018, 11:34:35, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
ҚМИУ делегациясы 29 наурызда Достық үйінде (Қарағанды қ.) өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту арқылы этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғасын қалыптастыру» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция жұмысына этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. “Polonia” Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы В.А.Хмелевский; «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Бөкетов ат. ҚарМУ доценті Н. А. Бейсенбекова; Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі М.К.Абдакимова; «Видергебурт» неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының төрағасы В.Е. Кист; Шевченко ат. “Рідне слово” украин тілдері қауымдастығының жастар қанатының жетекшісі О.В. Головченко баяндама жасады. Олар жастар арасында еріктілік пен еріктілер қозғалысын, патриоттық тәрбиелеу үрдісінде өскелең ұрпақта көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асыру мәселелерін көтерді. Содан кейін «Қазақстан төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында», «Ұлттық сана: таяу жылдарға арналған күн тәртібі» және «Этномәдени бірлестік көшбасшыларының құндылық бағдарлары» панельдік сессиялар отырысы басталды.
ҚМИУ делегация құрамына университеттің бірнеше оқытушылары мен студенттері кірді. “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Т. В. Семенова адами капитал құрылымында рухани-адамгершілік компоненттердің рөлі мен маңызы туралы айтты; қоғамдық пәндер оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Д.К.Жанабергенова «Бейбітшілік пен келісім идеясы» атты баяндамасымен, ал аға оқытушы Ж.А. Ахметов – «Жастардың рухани байлығын байытуда, шешендік өнердегі саяси құндылықтардың орны мен рөлі» атты өз жұмысымен сөз сөйледі.
Конференцияда ең өзекті мәселелер бойынша отыздан астам баяндамалар тыңдалды. Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 829