IT-құзыреттілік деңгейін арттыра
[Дата публикации: 01.03.2018, 10:11:59, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру”, “Автоматтандыру және басқару” және “Электроэнергетика” топтарының 50-ден астам студенттері, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілде оқитын 18 адам жақында IT Essentials Cisco Академиясының базалық бастапқы курсын сәтті аяқтады және сертификаттар алды.
Cisco Желілік Академиясының аймақтық орталығы ҚМИУ базасында 2017 жылдың қыркүйек айының басында ашылды. Бұл маңызды қадам әрдайым жаңартылып және толтырылатын білім беру ресурстарына қол жеткізді. Академияның нұсқаушылар мәртебесі «ЭАжЕТ» кафедрасының аға оқытушылары С. Кан, А. Чванова және Д. Тоқсейітте бар.
2017-2018 оқу жылының күзгі семестр ағымында IT Essentials базалық бастапқы курсын оқуды «ЕТжБҚ», «АжБ» және «ЭЭ» топтарының студенттері бастады. Курс қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жалпы мәселелеріне арналған теориялық және практикалық материалдардың 14 тарауын қамтиды. Әрбір тарау материалды меңгеруді тексеру үшін емтиханнан тұрады.
– Курсты оқу компьютердің құрамдас бөліктерін, операциялық жүйелерді орнату дағдыларын және желі арқылы деректермен алмасу үшін компьютерді жөндеуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді “ЭАжЕТ” кафедрасының аға оқытушысы Анастасия Чванова. – Курсты меңгеру – бұл мамандыққа қарамастан, студенттердің IT құзыреттілік деңгейін арттыру құралы.
Алдағы уақытта осы курсты ҚМИУ-дың барлық мамандықтарының студенттері біртіндеп өтуі жоспарлануда.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 587