Лайықты марапат!
[Дата публикации: 25.03.2018, 21:17:00, жариялауды: Әкімшілік]
Халықаралық гуманитарлы педагогикалық қозғалыс тарихында бірінші рет «Рух қаһарманы» атағы бекітілді. Осы атақ әлемде бірінші рет «Бөбек» республикалық балалар қайрымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО (қазіргі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті) түлегі Сара Алпысқызы Назарбаеваға берілді.
Баку қаласында өткен Халықаралық педагогикалық оқулардың мыңдаған қатысушылары Халықаралық қоғамдық жюридің бұл шешіміне қошемет көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерінің атағы елімізден тыс шетелдерде танымал және әлемдік қоғам оның қайрымдылық еңбектеріне дұрыс баға берді. Сара Алпысқызы Назарбаеваны біздің елімізде ғана емес сонымен барлық әлемде гуманитарлық, қайрымдылық және мейрімділік құндылықтарын насихаттауға өз үлесін қосқан әлемдік кеңауқымды шеңбердегі рухани көшбасшы және қоғам қайраткері ретінде таниды.
Сара Алпысқызы адамгершілікті педагогикалық идеяларды насихаттауға қосқан үлесі зор. Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» деп аталатын ерекше адамгершілікті-рухани құндылықтарды жаңғыртуға арналған білімдік жобаның авторы. Осы жобаның негізгі мақсаты – жалпыадамдық құндылықтарды жаңғырту, балаларды қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге үйрету. Ол жаңа қайрымдылық жобасын жүзеге асыруда. Жоба мақсаты – балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне жоғары білім алуға және өзінің елінің толық қанды азаматы болуға, елінің мүддесіне қызмет етуге жағдай жасау.
Сара Алпысқызы басшылық жасайтын «Бөбек» қорының ұйымдастыруымен жүздеген және мыңдаған қайрымдылық акциялары жүзеге асырылды, ата-анасыз қалған балалар және мүгедектерге, жалғызбасты аналарға жүйелі түрде көмек көрсетілді.
Просмотров: 552