Университетте қала әкімінің халықпен кездесуі өтті
[Дата публикации: 15.02.2018, 11:02:57, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 ақпанда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.
Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С.Ш. Бекбергенов, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Б.Утешев, «Нұр Отан» облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б. Оспанова, «Қарағанды облысының индустриалдық-инновациялық даму және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысы Ғ.А.Жұмасұлтанов қатысты. Сондай-ақ, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, мердігер ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, қаланың ардагерлері мен ақсақалдары, саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылардың назарына қала басшысының 2017 ж. атқарылған жұмысы туралы есебі және 2018 жылға арналған жоспарлары ұсынылды. Баяндау аяқталғаннан кейін теміртаулықтар әкімге экологиялық жағдайға, қаланы абаттандыруға, әлеуметтік қорғалмаған санатындағы азаматтар үшін тұрғын үй салу құрылысына қатысты сұрақтар қойды. Барлығы 22 сұрақ болды, олардың 9-ы бақылауға алынды, қалғанына түсіндірме дереу берілді.
Ғалым Әшімовтің есебі Теміртау қ. әкімдігінің ресми аккаунтында онлайн-режимінде жүргізілді. Кездесудің бейнежазбасын https://temirtau-akimat.gov.kz/ ru/ сайтынан көруге болады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 473