“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері бағдарламалау бойынша әлемдік чемпионаттың жартылай финалына қатысты

[Дата публикации: 05.12.2017, 18:42:55, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

 

 

 

 

 

Dx8cyoYk_EY2-3 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында студенттік IT-олимпиадалар саласындағы ең маңызды және ірі іс-шаралардың бірі – Association for Computing Machinery ICPC университеттер студенттері арасында бағдарламалау бойынша 41-ші әлемдік құрамалық чемпионаттың жартылай финалы өткізілді. Оған ҚМИУ командасы қатысты.

mmMLEZQnUqkAssociation for Computing Machinery (ACM) халықаралық ұйымы 1947 жылы әлемдегі бірінші ENIAC компьютерін құрастырған Филадельфиядағы Пенсильвания Университетінің қызметкерлерімен құрылды. Қазіргі уақытта ACM компьютерлер мен бағдарламалау саласында әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым болып табылады. Әлемдік құрамалық чемпионат алғаш рет 1977 жылы өткізілді.

rzld5NHnNDMБиылғы жылы жартылай финал жарыстары өткізілген Солтүстік-Шығыс Еуропа аймағының төрт қала базасы: Санкт-Петербург, Барнаул, Тбилиси және Алматы. Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Латвия және Қырғызстаннан 300-ге жуық команда қатысты. Қазақстаннан 32 команда қатысты, оның ішінде екеуі ғана Қарағанды облысынан біздікі де бар.

Жарыс екі күн ішінде өткізілді. Ширек финалда болғандай, студенттерге 12 тапсырма және оларды шешу үшін бес сағат ұсынылды. Өкінішке орай, ҚМИУ командасының нәтижелері келесі кезеңге өту үшін жеткілікті болмады, бірақ жарыстарды ұйымдастыру комитетінің өкілдерінің айтуы бойынша біздің студенттер лайықты нәтиже көрсетті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 

 


Просмотров: 364
05.12.2017, 18:42:55, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар