ҚМИУ студенттері бір күн қала әкімдігінің қызметкерлері болды
[Дата публикации: 04.12.2017, 18:08:25, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері Тұңғыш Президент күніне қалада Жастардың өзін-өзі басқару күніне қатысу конкурсы өткізіліп жатқандығы туралы бір ай бұрын білді. Олар басқа жас теміртаулықтармен бірге, әрине, өз күштерін сынап көргісі келді.
Бірінші іріктеу кезеңі “Неліктен дәл мен дублер болуым тиіс” тақырыбына эссе жазу ұсынылды.
– Әрқайсы жұмыс істеуді қалайтын лауазымды өзі таңдады, – деді ҚМИУ 3 курс студенті, болашақ экономист Татьяна Силаева. – Мен жеке өзім экономикалық мәселелер бойынша әкімнің орынбасары ретінде байқап көруді шештім.
Эссе байқауының қорытындысы бойынша 45 қатысушының отыз студенті ҚР заңдарын білу тестілеуге жіберілді. Бұл кезеңнен 10 адам өтті, олар белгілі бір уақытқа қала әкімінің, оның орынбасарларының және мемлекеттік мекеме басшыларының лауазымдарына тағайындалды. Алдымен жастар олар басшылық жасайтын бөлімдерінің жұмысымен танысты. Негізгі қиындық, ол көп жаңа ақпаратты меңгеру қажет болды, – дейді студенттер.
– 30 қарашада ең бірінші біз салтанатты түрде ант қабылдадық және мемлекеттік қызметкердің уақытша куәліктерін алдық, – деп жалғастырды Татьяна Силаева. Содан кейін, бір күн ішінде жиналыстар өткіздік, маңызды шешімдер қабылдадық, әр түрлі мекемелерге бардық. Бір қарағанда, мемлекеттік қызметкердің жұмысы қарапайым болып көрінеді, бірақ біз керісінше екеніне көз жеткіздік. Бұл қызмет саласы жақсы теориялық дайындықты, заңнамаларды білуді талап етеді және, әрине, туған қалаға пайдалы болғысы келу тілегі.
30 қараша Теміртау әкімі ҚМИУ екінші курс студенті Нұрислам Сәрсенов болды.
– Менің ойымша, өте күрделі іс – мемлекеттік қызметтегі жұмыс. Жастар өзін-өзі басқару күніне дайындық кезеңінде мен саясат, экономика, стратегиялық мәселелер туралы өте маңызды ақпарат алдым, – дейді Нұрислам. – Оқытушылар маған дайындық барысында көмектесті, тәжірибені әкімдікте өткіздім, онда жобаның басқа қатысушыларымен бірге бізді күтіп тұрған жұмыспен таныстым.
Әкім-дублер құрамасына Айгерім Чакенова (әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкім орынбасары), Жәнібек Аменов (коммуналдық мәселелер жөніндегі әкім орынбасары), Татьяна Силаева (экономикалық мәселелер жөніндегі әкім орынбасары), Василий Ким (ішкі саясат басқармасының жетекшісі), Мария Николаева (білім беру бөлімінің жетекшісі), Руслан Кудайбергенов (кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі), Алишер Иманбеков (мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі), Алексей Екель (ТКШ, ЖК және АЖТИ бөлім жетекшісі) және Карина Бетгер (әкімнің баспасөз хатшысы) енді.
Қала әкімі және оның орынбасарлары өз сыңарларына күні бойы қолдау көрсетіп, кеңес берді. Студенттер тәжірибелі тәлімгерлердің көмегімен мәселелерді көруге және оларды шешудің жылдам жолдарын табуға үйренді.
– Менің ойымша, осы күннен кейін әрқайсымыз нақты шешім қабылдадық. Татьяна Силаева университетті бітіргеннен кейін көпшілігі өз өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстыратынына сенімді.
ҚМИУ баспасөз-қызметі
Просмотров: 421