“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Рухани жаңғыру» кеңсесі жұмыс бастады

[Дата публикации: 14.12.2017, 14:53:25, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

IMG_0233IMG_0220IMG_0208IMG_0310

 

 

 

 

 

 

«Теміртау қ. ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, қаланың меценаттар жәрдемімен Теміртау қ. әкімі Ғ.А. Әшімовтың бастамасымен, ҚМИУ ректоры Б.А.Жаутиковтың қолдауымен «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды. «Рухани жаңғыру» кеңсесі Теміртау қ. этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестірудің ресурстық орталығы.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблея Академиясының «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды. Шараның қатысушылары мен қонақтары – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың серіктестері, мемлекеттік органдар мен Теміртау қ. этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды.

Кеңсенің салтанатты ашылу рәсімін – Теміртау қ. әкімінің орынбасары Дәурен Есімханов, мемлекет Басшысының серіктесі Қуаныш Омашев, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының жетекшісі Ерлан Құсайын және ҚМИУ ректоры Бақыт Жаутиков лента кесумен, қазақтың «Шашу» ұлттық дәстүрімен және орыстың  дәстүрлі тағамынан дәм татумен өткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, ҚМИУ профессоры Татьяна Семенова шараға қатысушыларды «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жұмыс бағыттарымен таныстырды. Олардың ішінде:

– өлкетану негізінде ұйымдастырылған “Туған жер” бағдарламасы арқылы патриотизмді қалыптастыру;

– жаһандық әлемде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті дамыту;

– “Тәрбие және білім”, “Атамекен”, “Рухани қазына”, “Қасиетті география”, “Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы”, “Отаным-тағдырым”, “Өлкетану” жобалары шеңберінде іс-шаралар кешенін  өткізу;

– этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру және тілдердің үштілділігін насихаттау;

– жастардың жоғары тарихи сана-сезімін, белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымын қалыптастыруға, мәдени деңгейін көтеруге және рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу  .

Жұмыстар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесімен, Теміртау қ. әкімдігімен, қалалық тарихи-өлкетану мұражайымен, ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығымен, этномәдени бірлестіктермен, Теміртау қ. колледждерімен және мектептерімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

«Полония» грек этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Деспина Касапиди «Рухани жаңғыру» кеңсесі базасында ЭМО жұмысының жоспарларымен бөлісті. Студенттік жастар өкілдері Мадияр Кәрібжан, Татьяна Силаева, Василий Ким және Сухроб Ашуров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар мен жобалар туралы айтып берді.

Іс-шара соңында Теміртау қ. әкімдігі, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және Теміртау қ. этномәдени бірлестіктер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

IMG_0304IMG_0303IMG_0268IMG_0256

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 492
14.12.2017, 14:53:25, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар